- Негізгі бет
- Сымбат
- Диетасыз арықтау: Қарапайым...
Диетасыз арықтау: Қарапайым қағидалар
Егер сымбатыңыз тартымды, деніңіз сау болғанын қаласаңыз, диета туралы ойыңызға да алмаңыз. Тамақтану тәртібіне қатаң қағида енгізу – көңіл-күйді құртатын бірден бір әдіс. Әрдайым мүсініңіз бірқалыпты болып, артық салмақ мәселесімен бас қатырғыңыз келмесе, қарапайым ережелерді сақтаныңыз.
Арықтау кезінде керекті нәтижеге жету үшін дәмдеуіштер көмегі көп. Імбір, қыша (горчица), қызыл бұрыш, куркума, даршын (корица) диетасыз арықтауға жәрдемдеседі. Бұл пайдалы қоспалар май қабаттарын ыдыратып, қан құрамындағы қантты қалыпқа келтіреді, тәбетті бәсеңдеті.
Диета ұстамай арықтағысы келетіндердің ажырамас досы – көкөністер. Оның құрамындағы жасұнық артық салмақтан арылуға сеп болады. Көкөністер тұтынғанда, әсіресе, жасыл түске көп көңіл бөліңіз. Саумалдық (шпинат), қияр, балдыркөк (сельдерей), көкшөп, орамжапырақ құрамында мол болатын калий ағзадағы тұз теңгерімін реттейді.
Бөліп тамақтану. Диеатсыз тез арықтау үшін күніне алты рет тамақтанған дұрыс. Әр үш сағат сайын жүрек жалғап тұрған бәрінен артық шешім болмақ. Нәтижесіінде асқазан кішірейіп, зат алмасу процесі күшейеді. Тек жер азығыңыздың мөлшері 400 грамнан аспағанын қадағалаңыз, ал жүрек жалғау кезінде 200 грамм тағам тұтынсаңыз жетіп жатыр.
Көмірсу мөлшеріне көңіл бөлу. Пирог, торт, фастфуд, қуырылған картоп секілді тез салмақ қосуға сеп болатын азықтар дастарқаныңыздан аптасына бір-ақ рет орын алуына болады. Оны да тек түске дейінгі мезгілде жеңіз.
Тәттілерден, газды сусыннан, тез әзірленетін астан бас тарта алмайтын болсаңыз, оны қолданарда өзіңізге шарт қойыңыз. Су ішесіз, жеңіл салат жейсіз, белде шеңбер айналдырасыз, киім салатын сөрені ретке келтіресіз не билейсіз. Осы шартты орындаған соң ғана аңсарыңыз ауған азықты тұтынуға рұқсат. Мүмкін осылардың бәрін орындап болғанша, құмарыңыз тарап кетер.
Диетасы арықтауда ынталану, жігерлену маңызы зор. Құлшына кіріссеңіз тез әрі жеңіл арықтайсыз. Ол үшін қызметте көтерілу, мықты денсаулық, жаңа ғашық секілді ынтаңызды жоймай, жоғарылататын мақсат табыңыз, тек дұрысын таңдаңыз.
@. @assel_assanova