Арықтауға арналған кофе диетасы

Арықтауға арналған кофе диетасы
Фото: 7-themes.com

Кофе диетасы – артық салмақтан арылуға көмектесетін жақсы әдістердің бірі. Кофе ойлау қабілетті жақсартады. Диета кезінде зат алмасу қызметі тездеп, тәбет бәсеңдеп, қан құрамындағы қант деңгейі азаяды.

Кофенің құрамындағы органикалық қышқылдар мен пайдалы антиоксиданттар ағзадағы бос радикалдарды шығаруға көмектеседі.

Қан қысымының артуымен (гипертония), бауыр, жүрек қан тамырлары, асқазан, гастрит ауруларымен сырқаттанған адамдарға кофе диетасын ұстауға болмайды.

Егер диета кезінде әлсізденіп, басыңыз айналып, жүрегіңіз айныса, диетаны тоқтатып, толық тамақтану тәртібіне оралуыңыз керек.

Кофе диетасының бір кемшілігі – тісіңіздің эмалі сарғаюы мүмкін. Сондықтан күнделікті тіске толық күтім жасап, ағартатын пастамен тазалағаныңыз жөн.

Кофе диетасы бір аптаға созылады. Бұл уақыт аралығында су, шырын не басқа сусындар ішуге болмайды. Кофені де көп ішпеген жөн. Күніне 3 рет қант, сүтсіз эспрессо ішсеңіз, жеткілікті.

Бірінші күн

Таңертең бір шынаяқ кофе ішіңіз. Түсті асқа қайнаған жұмыртқа, бұқтырылған балық пен гарнир, қызанақ, сәбіз жеуге болады. Кешкісін көкөністен жасалған тағам, салатпен жүрек жалғап алыңыз.

Екінші күн

Таңертең эспрессо мен бір тілім лимон ішу керек. Түсте 200-250 гр етті бұқтырып, жеп алыңыз. Кешке алма, көкөніс салатын жеуге болады.

Үшінші күн

Таңғы асқа бір шынаяқ кофе ішіп, түсте қайнаған жұмыртқа мен бұқтырылған балық жеу керек. Кешке қызанақ шырынын ішіп алыңыз.

Төртінші күн

Таңертең кофе, лимон мен қытырлақ қара нан жеуіңізге болады. Түскі асқа қайнатылған сиыр еті мен жұмыртқа жеп алыңыз. Ал кешке орамжапырақ салаты және алмамен жүрек жалғап алыңыз.

Бесінші күн

Таңертең әдеттегідей бір шынаяқ кофе ішсеңіз, түсте буға піскен балық пен бірнеше жұмыртқамен тамақтаныңыз. Кешке бір стақан айран ішіп, жатыңыз.

Алтыншы және жетінші күн

Таңертең кофе, түскі асқа қайнатылған ет не балық жеп алыңыз. Ал кешкі асқа көкөніс пен жеміс жеу керек.

Ф. Абилова