Сағат 9-да басталатын жұмыс күні адамның денсаулығына кері әсерін тигізеді

Сағат 9-да басталатын жұмыс күні адамның денсаулығына кері әсерін тигізеді
Фото: Oskar Photocolorstudio

Оксфорд университетінің мамандары сағат 9-да басталып, 5-те аяқталатын күн тәртібінің адам денсаулығына айтарлықтай зиян екенін дәлелдеді. Олардың айтуынша, жұмыс күніміз сағат 10-да басталуы керек.

Қазіргі адамда биологиялық процесстердің 24 сағатқа созылатын циклі бар. 55 жасқа дейін бұл ритм жұмыс тәртібіне сай келмейді. Бұл ағзаның әлсіреп, түрлі ауруға шалдығуына әсер етеді.

Сағат 9-да басталатын жұмыс күні адамның физикалық және психологиялық күйіне әсер етеді. Адамдар жүрек-қан тамырлары, бүйрек, эндокрион жүйесі ауруларына шалдығады. Ашуланшақ болып, күйзеліске түседі. Осы секілді жағдайларды болдырмау үшін жұмыс күнін сағат 10-да бастаған жөн.

Қ. Бүйенбай