- Негізгі бет
- Сымбат
- Жүзім диетасымен 4...
Жүзім диетасымен 4 күнде арықтайық
Бұл монодиета – қиын. Бірақ жүзім мерзімі аяқталмай тұрып, 4 күн ұстап алсаңыз, бірнеше келі салмақ тастайсыз. Диета кезінде мейлінше жүзімнен өзге ештеңе жемеген абзал.
Жүзім мен банан толық адамдарға арналмаған жеміс-жидек, олар салмақ қосуға сеп болады деген сөз бар. Бірақ жүзімнің өзін ғана белгілі мөлшерде жесеңіз, онымен де диета ұстауға болады екен.
Күніне көп дегенде 3 килограмм жүзім жейсіз, сонымен бірге басқа диеталардағы сияқты минералды су мен шөптен жасалған шай ішуге болады. Қарным ашады деп алаңдамасаңыз да болады. Әрдайым өзіңізді тоқ сезінесіз.
Жүзім диетасымен артық салмақтан арыласыз және ағзаңыз артық заттар мен уыттардан тазарады. Жүзімнің ішінде тұқымы бар түрін таңдаңыз. Оның құрамында тері қартаюына қарсы тұратын полифенол бар.
Күн сайын салмақ өлшегіштегі сандардың азайып бара жатқанын көріп, көз қуантасыз.
@. @assel_assanova