- Негізгі бет
- Сымбат
- Айына 2 келіден...
Айына 2 келіден артық салмақ тастауға болмайды
Бұл диета ұзақтығы бір аптаға созылады. Диета ұстау барысында қосымша жаттығулар жасап тұрған абзал. Мысалы, тер шығатындай қалың киініп алып, сатымен жоғары-төмен жүгіруге болады.
Диета аяқталғанда 3-4 кило артық салмақтан құтылғаныңызға куә боласыз. Алайда қуануға асықпаңыз. Осы салмақты сақтап тұру үшін күнделікті салмақ өлшеп, жаттығуларды тоқтатпаған дұрыс. Егер таразыда артық салмақ қосылғанын байқасаңыз, кешкі астан бас тартып, су, айран, салат секілді жеңіл тағамдармен ғана азықтануға тура келеді.
Диета кезінде рұқсат етілетін азық-түліктер:
- 300 грамм қарақұмық;
- 1 кг алма;
- 1 л айран;
- 300 грамм тауық еті;
- 2 л су.
Таңертең 1 стақан су ішеміз. Жарты сағаттан кейін тұз, қант қосылмай қайнатылған қарақұмық жейміз. Түскі асқа тұз қоспай қайнатылған тауық еті. Кешке сағат 18:00 шамасында 1 стақан айран ішеміз. Қарын ашқан кезде алма жеп тұруға рұқсат. Диетаның екінші күнінен бастап алмамен қатар айран қолдансаңыз болады. Тек айран майлылығы 0%-дан аспағанын қадағалаңыз.
Бір айда 2-3 килограмм салмақтан артық тастауға асықпаған абзал. Егер одан көп салмақ тастасаңыз, ағза күйзеліске ұшырайды да, келесі айда бұрынғыдан да көп салмақ қосып алуыңыз ғажап емес. Бастысы, адамның ерік-жігері мықты болуы керек.
@. @assel_assanova