- Негізгі бет
- Сымбат
- Бет күтімі: Қарбыз...
Бет күтімі: Қарбыз маскасы
Тамыз айында дәмі тіл үйіретін тәтті қарбыз жеуге болады. Жаз аяқталып қалды, бетіңізге қарбыз маскасын жасап үлгеріңіз!
Қалыпты теріге арналған қарбыз маскасы үшін 2 ас қасық қарбыз дәні, 1 жұмыртқаның сарысы, 1 ас қасық өсімдік майы, 1 ас қасық қаймақ керек. Осының бәрін жақсылап араластырып, бетіңізге жағып, 20 минут күтіңіз. Масканы жылы сумен жуып тастаңыз.
Ал қалыпты және құрғақ теріге арналған қарбыз маскасы мынадай: 1 стақан қарбыз шырыны мен 1 стақан сүтке мақта не мәрліні батырып алып, бетке қоясыз. 15-20 минуттан кейін мәрліні қоспаға салып, сулайсыз. Дәл осындай уақыт өткен соң, бетті жылы сумен жуу керек.
Майлы теріге арналған қарбыз маскасы: Жарты стақан қарбыз шырынына 1 жұмыртқаның ағы мен жарты стақан айранды құясыз. Қоспаны бетке жағып, 15 минуттан кейін жылы сумен жуып тастайсыз.
М. Оңғарова