- Негізгі бет
- Сымбат
- Екінші иекті кетірудің...
Екінші иекті кетірудің жолы
Көп ару екінші иектен құтылудың амалдарын сұраған еді. Алдымен екінші иек шығуының алдын алу шараларын айта кетейік. Салмағыңызды үнемі қалыпта ұстап, спортпен шұғылданғаныңыз жөн. Бетке арналған арнайы гимнастиканы жасап тұрыңыз.
Иекті қалыпқа келтіру үшін үнемі жаттығу жасап тұру керек:
- күнде он бес минут бойы «и, у» дыбыстарын мейлінше қатты дауыстауға тырысыңыз. Сонда төменгі бұлшық еттер күшеніп, жаттығады;
- жұдырықты қысып алып, иек астынан ұстап, жоғары қарай итеріңіз. Ал иекті керісінше түсіруге тырысыңыз.
Гимнастикамен қатар бетке арналған арнайы косметикалық процедуралар жасап тұруға болады. Ол үшін дәкені лимон шырынымен сулап, иекті ораңыз. Кепкен соң дәкені алып тастаңыз. Содан соң міндетті түрде нәрлендіруші иісмай жағыңыз. Жарты сағаттан соң иекті салқын суға суланған дәкемен қайтадан орау керек.
Теріні нәрлендіріп, ылғалдандыру үшін балмен массаж жасау керек. Ол үшін балды иекке жағып, тері қызарғанша уқалаңыз. Содан соң жылы сумен жуыныңыз.
Ажарыңыз сұлу болсын десеңіз, дұрыс тамақтану керектігін ұмытпаңыз. Жүйелі түрде маскалар мен жаттығулар жасап тұрыңыз.
Іске сәт!
Ф. Абилова