- Негізгі бет
- Сымбат
- Арықтауға арналған қарбыз...
Арықтауға арналған қарбыз диетасы
Көбіміз қарбыз жегенді жақсы көреміз. Оның артық салмақтан арылуға көмегі мол. Қарбыз маусымы аяқталмай тұрып, диета ұстап, арықтауыңызға мүмкіндік бар. Бұл диетаны қалай ұстану керектігін білесіз бе?
Бұл диетаны ұстау оңай емес. Себебі оның басты шарты – қарбыздан басқа ешнәрсе жемеу.
Егер бүйрек жеткіліксіздігімен ауыратын болсаңыз, бұл диетаны ұстауға болмайды. Егер бүйрек-бауырыңыз қалыпта болса, қарбыз диетасын ұстауыңызға болады.
Күніне қанша қарбыз жеу керек?
Диетаның шарты бойынша 10 килограмм массаға орта пішінді бір қарбыз келеді. Демек егер салмағыңыз 70 килограмм шамасында болса, күніне 7 қарбыз жеуіңіз керек.
Егер қатты қарныңыз ашса, қара, дәнді не жемістен жасалған нан жеуіңізге болады.
Неше күн қарбызбен тамақтану керек?
Бұл диетаны он күннен артық ұстауға болмайды. Егер қаласаңыз, диета арасына екі апта салып, қайталауға болады.
Диетадан кейін қайтадан семіріп кетпеу үшін не істеу керек?
Көптеген адам диета біте салысымен ауыр, калорий мол тамақ жеуге көшеді. Оның үстіне диета кенеттен үзіп жіберетіндіктен, ағза жаңа тәртіпке үйренуге үлгермей, жеген тағамыңызды дұрыс қорыта алмай, артық май ретінде сақтауы мүмкін.
Қарбыз диетасын дұрыс аяқтау ережесі
Таңертең сұлы ботқасын жеу керек. Күнімен жаңа піскен көкөністер мен жеміс-жидек жегеніңіз дұрыс. Мәзіріңізге ақырындап ағуыз қоса бастаңыз. Алғашқы күндері 30 кг-ға 1 қарбыз есебімен жеп тұрыңыз. Кешкі асқа қарбыз бен майсыз сүзбе не айран ішкен жөн. Ал ет пен балықты түскі асқа жеген абзал.
Ф. Абилова