- Негізгі бет
- Сымбат
- Арықтау немесе іштегі...
Арықтау немесе іштегі майды қалай кетіруге болады?
Сырт келбеттің жарасымды, сымға тартылғандай сұлу болғанын барлық жан қалайды. Әсіресе бойжеткендер сұлу мүсінін сақтап қалу үшін түрлі жаттығулар, диета мен өзге де әдіс-тәсілдерді пайдаланып жатады. Осы орайда іштегі майды кетіруге арналған аз-кем кеңесімізді айта кеткенді жөн санап отырмыз.
Таза су ішу. Адам күніне 1,5 литр су ішуі тиіс. Әсіресе таңертең, сондай-ақ тамақтанар алдында бір шыны су ішкен аса пайдалы. Ал тамақтанғаннан кейін су ішу – іште артық майдың пайда болуына сеп болады.
Жеміс-жидектер жеу. Көкөністер, дәнді дақылдар мен жеміс-жидектерді жеу – іштегі артық майды кетірудің бір жолы. Мұндай азықтармен тамақтанғанда көп уақытқа дейін қарын ашпайтын болады.
Бүкірейіп жүрмеу. Көбіне бүкірейіп жүретін адамдардың арқа омыртқасы мен сүйектері зақымданып қана қоймай, ішіне май да жиналады екен. Сондықтан да денені тік ұстап жүру керек. Тіпті, тамақтанғанда да бүкіреймей тамақтанған дұрыс.
Ішімдік ішпеу. Сыра – ішке май жинаудың бірден-бір себепкері. Тіпті сырасыз өмір сүре алмайтын болсаңыз, онда ішер алдында бір шыны су ішіп алыңыз. Сонда ішке майдың жиналмауына аз да болса себепкер болады.
Темекіден бас тарту. Темекі шегетін адамның іші мен бүйіріне май жиналады. «Темекіні тастасам – семіріп кетемін» - деген жаңсақ пікір.
Ішті тартып жүру. Ішіңізді тартып жүріп те артық майдан арылуға болады. Күн сайын ішіңізді тартып жүрсеңіз, қалыпқа келе бастайды. Бірақ, қатты ауырсынуға дейін жеткізбеңіз.
Жаттығулар жасау. Түрлі жаттығулар жасау арқылы да іштегі майды кетіруге болады. Ондай жаттығулардың сан түрі бар.
Массаж жасау. Күніне 10 минут ішіңізге массаж жасаңыз. Ол үшін жиналған майды қысып ұстау арқылы массаж жасау керек. Оның да түр-түрі бар.
Дұрыс тамақтану. Ішке май жиналудың бір жолы – дұрыс тамақтанбау. Көмірсулар, ашытқы, нан-тоқаш өнімдері іштегі майдың көбеюіне әсер етеді. Сондықтан да, мұндай тағамдардан 1 аптадан бастап бір айға дейін бас тарта тұрған дұрыс.
О. Сансызбай