Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Сымбатты болам десеңіз, шеңбер айналдырыңыз!

Сымбатты болам десеңіз, шеңбер айналдырыңыз!

Сымбатты болам десеңіз, шеңбер айналдырыңыз!

Сымбатты болам десеңіз, шеңбер айналдырыңыз. Шеңбер бөксені бір қалыпты ұстауға, сүйектердің қатаюына, артық салмақтан арылуға, омыртқаның түзу болуына, тіпті, тері қабатының жақсаруына ықпал етеді. Қарапайым ғана жаттығулар арқылы аяқ-қол, мойын, иық, омыртқаға түсетін күнделікті ауыртпалықтан арылуға болады.

Шеңберді түріне қарап таңдаңыз

Шеңберлер диаметрінің көлеміне қарай, кіші және үлкен болып бөлінеді. Оны салмағыңыз бен бөксе өлшеміне қарай таңдау керек. Сондай-ақ, шеңберлердің жасалуына байланысты алюминий, пластмассалық, жиналмалы, ауыр, уқалағыш шеңберлер болып бөлінеді.

Жаттығуды алюминий не пластмассадан жасалған шеңберден бастаңыз. Пластмассалық шеңберлер алюминийден жасалған шеңберге қарағанда жеңіл келеді. Шеңбер айналдыруды дағдыға айналдырған кезде ауыр шеңберлерге көшуге болады.

Жиналмалы шеңбер кәдімгі шеңберден айырмашылығы ол 2-4 мәрте жиналып қалады. Оны жинап, алыс жолға алып жүруге болады. Жиналмалы шеңбермен қол-аяқ, омыртқа жаттығуларын емін-еркін жасауға болады.

Ауыр шеңбердің салмағы 0,5-2 кг-ға дейін барады. Бұл шеңбер ағзаға ауырлық түсіріп, артық салмақтан арылуға жол ашады. Ауыр шеңбермен жұмыс істеген кезде қалың киім киген абзал. Себебі, жаттығу кезінде жарақат алудың ықтималдылығы жоғары.

Уқалағыш шеңбердің айналасында магнит, кішкене шарлары болады. Бұл шеңбермен жасалған жаттығулар артық салмақтан арылтып қана қоймай, физикалық ауыртпалықтың алдын алады.

Шеңберді қалай айналдыру керек?

Шеңбермен жаттығу жасаған кезде ішіңізді ішке қарай тартыңыз, денеңізді бос ұстаңыз. Аяғыңызды түзу қойып немесе тізені сәл бүгіп қойыңыз. Екі аяқтың арасы 20-25 см болу керек. Арқаңызды тік ұстап, қолыңызды көтеріп шеңберді сағат тілінің бағытымен айналдырыңыз. Қатты айналдырудың қажеті шамалы. Шеңберді асықпай айналдыру керек, оның бөкседен төмен түсіп кетпеуін қадағалаңыз.

Жаттығуға қанша уақыт жұмсау қажет?

Жаттығуды күнделікті 3-5 минут шеңбер айналдырудан бастаған жөн. Содан кейін жаттығу уақытын 25-40 минутқа көбейтуге болады. Ауыр шеңберді күніне 20-25 минут айналдырған жөн. Жаттығуды күніне бірнеше мәрте қайталауға болады. Мойным түзу әрі қатпарсыз болсын десеңіз, күнделікті 5-10 минут шеңберді мойныңызбен айналдырып тұрыңыз.

Ескерту!

  • Ауыр және уқалағыш шеңберді орта жастағы және қарт кісілерге айналдыруға болмайды.
  • Шеңберді аяғы ауыр келіншектерге, жыныстық ауруларға ұшыраған жандарға айналдыруға болмайды.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: hudeem-bez-problem.ru

13581 2
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 24 шілде 2012, 11:59
Пікірлер
+0
26 шілде 2012, 12:05

Бірде айналдырам деп ишимнин бәрі көкпеңбек болып кеткені бар ;)

+0
08 тамыз 2012, 17:53

ауыр шеңбер ішті ауыртады, менің де ішімнің бәрі болмаса да бір жерлері көгеріп кеткен :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...