- Негізгі бет
- Сымбат
- Шашты өсіретін дәруменді...
Шашты өсіретін дәруменді май
Фото:
dzhmao.ru
Шашыңыз ұзын, әдемі болсын десеңіз, арнайы күтім жасау керектігін ұмытпаңыз. Ол үшін дәруменді май жасап үйреніңіз.
Ол үшін:
2 ас қасық майсана майы;
2 ас қасық ошаған майы;
1 шай қасық Е дәрумені;
1/3 шай қасық А дәрумені;
2-4 тамшы даршын эфир майы;
2-4 тамшы қара бұрыш эфир майын дайындап қойыңыз.
Барлығын араластырып, қоспа дайындаңыз. Оны басыңызға уқалап жағыңыз. Шаштың ұшына Е дәрумені мен зәйтүн не майсана майын жағыңыз. Бұл оның ұшталуының алдын алады. Шашты полиэтиленді пакетпен орап, 20-40 минуттан кейін әдеттегідей жуып тастаңыз.
Ф. Абилова