Аптап ыстықта сұлу болып қалу үшін

Аптап ыстықта сұлу болып қалу үшін
Фото: plus.google.com

Биылғы жаз ерекше ыстық. Жазда сымбатымыз бұзылмауы үшін не істеу керек?

Жазғы маникюр

Маникюр жасамас бұрын лакты 20 минутқа тоңазытқышқа салып қойыңыз. Тырнақты бояп болған соң екі-үш минут салқын суда ұстаңыз. Бұл әдіс тырнақтың тез кебуі үшін қолданылады.

Мұз

Жазда теріні мейлінше жиі ылғалдандырып тұру керек. Ол үшін алоэ немесе қияр шырынынан мұз дайындап, сүртініп тұрыңыз.

Түймедақ шайы

Эпиляциядан кейін тері тітіркеніп кетпеуі үшін түймедақ шай қалташасын (пайдаланған) 10 минутқа мұздатқышқа салып, теріні уқалап сүрткен жөн.

Қажалу

Жазда қыздар ашық аяқ киім киетіндіктен, аяқ қажалып қалады. Мұның алдын алу үшін қажалатын жерге дезодарант жағып қоюға болады.

Шаш күтімі

Шашыңыз күнге күйіп кетпеуі үшін әр жуған сайын алма сіркесуы мен судың 1:4 қатынасындағы қоспасымен шайып отырыңыз.

Шаштың ұшына күтім

Жоғары температураның әсерінен шаш құрғап, ұшталып кетеді. Сол себепті далаға шығудың алдында шаш ұшына кокос майын жаққан жөн.

Құмнан қорғау

Егер денеге құм жабысқанын қаламасаңыз, жағажайға барудың алдында нәресте сеппесін (присыпка) жағып алыңыз.

Теріңіз күнге күйіп кетсе

Алма сіркесуы мен кокос майының 1:4 қатынасындағы қоспасын дайындап, теріге жағыңыз. Ол қызарғанын басып, күйген жерді емдейді.

Бұл ақпаратты құрбыларыңа оқыт!

Ф. Абилова