Құрғақ бетті жазда қалай күтеміз?

Құрғақ бетті жазда қалай күтеміз?
Фото: imujer.com

Теріге ылғал жетіспегендіктен тез құрғап, қабыршақтанып кетеді. Бұл әдетте жазда жиі туындайтын мәселе. Теріңіз майлы не аралас болса, жаз маусымында құрғап, бұзылуы мүмкін. Оны қалай емдейміз?

Цитрус маскасы

Апельсин не грейпфруттың шырынын сығып алып, 2 шай қасық табиғи балмен араластырыңыз. Қоспаны тек таза бетке жағу керек. Маска 7-9 минут бойы тұру керек. Бұл қоспа теріні жақсы ылғалдандырады, ал құрамындағы қышқылдар бетті ағартады.

Қатты құрғаған бетке арналған маска

1 шай қасық табиғи балды 1 шай қасық құрғақ сүтпен араластырыңыз. Масканы жылы, қайнаған сумен қаймақ тектес қоспа болғанынша араластыру керек. Бетке жағып, 13-18 минуттан соң жуып тастаңыз.

Егер бетіңіздің типі майлы болса, 2 шай қасық өсімдік майы мен 1 шай қасық қышаны сумен (кішкене ғана) араластырыңыз. Қоспаны бетке жағып, 4-7 минуттан соң шайып тастаңыз.

Бұл процедураны аптасына екі рет жасап тұру керек.

Лосьон

Жүзімді езіп, шырынын сығып алыңыз. Бірнеше сағаттан соң бөлек ыдысқа сүзіңіз. 400 мл жүзім шырыны, 1 шай қасық ас тұзы мен 2 ас қасық табиғи балды араластырыңыз. Бұл қоспаны тағы да сүзіп алып, 1 стақан спирт қосыңыз. Бетті сулап жіберіп, лосьон жағып қойыңыз. 2-2,5 сағаттан соң жылы сумен жуыныңыз. Бұл лосьонді тек бетке емес, бүкіл денеге жағуға болады. Артылып қалған қоспаны тоңазытқышта сақтаңыз. Сақтау мерзімі 1 ай.

Іске сәт!

Ф. Абилова