Линза жайлы жалған пікірлер

Линза жайлы жалған пікірлер
Фото: visianinfo.com

Көзі нашар көретін адамдар көзілдірік не линза тағуға мәжбүр болады. Әдетте қыз балалар көзілдірік тағуға ұялып, линза алуды дұрыс көреді. Алайда линза туралы сан алуан жағымсыз пікір көңілге күмән ұялатады. Бүгін біз линза туралы жалған пікірлерді саралайтын боламыз.

1-өтірік: Линза көзге инфекция түсіреді

Контакт линзасы инфекциялы ауру туғызбайды. Әрине егер сіз линзаға күтім жасамай, оны лас күйінде киіп алатын болсаңыз, әртүрлі микробтар көзді ісіріп жіберуі мүмкін. Сол себепті гигиенаны сақтау керек. Сондай-ақ линзаны мерзімінен кеш пайдалануға болмайды. Мейлінше ерте ауыстырсаңыз өзіңізге жақсы.

2-өтірік: Линза көзге зиян

Заманауи линзаларды медицинада пайдаланатын биоматериалдан жасайды. Соның арқасында линза бойынан оттек өткізіп, көздің «демалуына» жағдай жасайды. Сол себепті оттегі жетіспеуінің мәселесі шешілді деп есептеуге болады. Офтальмологпен кеңесіп, линза таңдап, ауыстыру мерзімі мен күту ережелерін білсеңіз, линза тағу ыңғайлы әрі қауіпсіз болады. Линза – медициналық құрал болғандықтан, дәрігердің кеңесуі арқылы таңдалғаны жөн екенін ұмытпағайсыз.

Сонымен қатар түрлі түсті линзаны да зиян деп жатады. Алайда ол да кәдімгі линза тектес, бір материалдан жасалады.

3-өтірік: Линза көз алмасына жылжып кетеді

Физикалық тұрғыдан қарағанда линзаның көз ішіне кіріп кетуі мүмкін емес. Линза дәл көзде тұратындықтан қабақтың астына ғана кетіп қалуы мүмкін. Көздің табиғи «барьеры» бар. Ол линза және басқа да нәрселердің көздің ішіне, қабақтың астына кіріп кетуіне жол бермейді.

4-өтірік: Линза түсіп қалуы мүмкін

Адамның анатомиясының арқасында бұл мүмкін емес. Сол себепті линза тағатын адамдар жүзуден басқа спорттың кез келген түрімен айналыса алады. Жүзу барысында линза ағып кетуі мүмкін. Линзаның көзде берік тұруы оның диаметріне байланысты.

5-өтірік: Линзаны күтуге көп уақыт кетеді

Ең алдымен линзаның күтімі көздің саулығы үшін қажет екенін есте сақтаңыз. Сонымен қатар қазір линзаны күтуге арналған көп қызметті ерітінділер шығарылады. Сондықтан ұйықтар алдында линзаны арнайы ерітіндіге салып қойсаңыз, таңертең ол таза, киюге дайын болады. Ал егер күтімге уақыт жұмсағыңыз келмесе, күнделікті ауыстыратын линзаны пайдалануыңызға болады.  

Жалғасы...

Ф. Абилова