Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Жастықты сақтау құпиясы

Жастықты сақтау құпиясы

Жастықты сақтау құпиясы

Жылдар өте келе бет терісінің тонусы өзгере бастайды, бұл - қартаюдың басты белгісі. Қартаю үдерісін баяулату әрбір нәзік жандының қолынан келеді. Қалайша?

1. Бет күтімінде ең бастысы теріні дұрыс тазарта білу керек. Тазармаған бет «дем ала алмайды», себебі беттегі ұсақ тесіктер толып қалады. Макияжды тазартпай ұйықтап қалсаңыз, терінің түнгі регенерациясына кедергі етеді.

2. Күнделікті бет күтіміне ылғалдандыру да кіреді. Теріге ылғал жетпесе тез бұзылады. Өз тері типіңізге арналған иісмайды таңдап алыңыз.

3. Күніне ең азы 2 литр су ішу керек. Су ішуге шай, айран, кофе сынды сусындар жатпайды.

4. Ерте жатып, 8 сағаттай уақыт ұйықтауға тырысыңыз. 22.00 мен 24.00-дің арасында ми біраз демалып қалады. Сол себепті сол уақытқа орай ұйықтап қалғаныңыз абзал.

5. Теріні күн көзінен қорғау керек. Ультрафиолеттен сақтайтын иісмайлар мен маскалар жайлы да ұмытпағайсыз.

6. Жастықты сақтап қалу үшін теріні табиғи маскалармен нәрлендіру керек. Ол үшін бал, өсімдік немесе зәйтүн майы мен жұмыртқа сарысын пайдаланып, маска дайындауға болады. Бұл азықтар теріні дәрумендермен қуаттайды. Масканы аптасына 2-3 рет жасаған абзал.

7. Зиянды әдеттен арылу керек. Алкоголь мен темекі теріге ғана емес бүкіл ағзаға зиян.

8. Тері үшін жасұнық пайдалы болғандықтан, күніне 30-40 гр жеп тұру керек. Ол бүкіл ағза үшін пайдалы.

9. Жастықты сақтап қалу үшін дұрыс тамақтану керектігі жайлы да ұмытпаңыз. Жаңа піскен көкөністер мен жеміс-жидек: грейпфрут, қауын, саумалдық, тәтті бұрыш, шабдалы секілді тағамдармен тағам мәзіріңізді толықтырыңыз. Балық, теңіз өнімдерінің құрамында омега-қышқылдары молынан болғандықтан, терінің құрғап, қартаюына жол бермейді.

10. Ең соңғы әрі маңызды кеңес – спортпен шұғылдану. Өзіңізге лайықты физикалық жаттығуларды арнайы маманмен кеңесу арқылы тағайындап алыңыз. Аэробика, би мен жай жүрудің өзі дене сымбатына, ағзаның тез қартаймаюына әсер етеді.

Сонымен қатар үнемі бетке күтім жасап тұруды да ұмытпаңыз.

Дайындаған: Фариза Абилова
Фото: Алексей Балышев
Қосылған күні: 26 мамыр 2015, 12:06

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.