Дымқыл шаш эффектісі

Дымқыл шаш эффектісі

Қазірде сәннің трендіне айналған шаш сәні - дымқыл шаш эффектісін жасауды бұрыннан армандап жүр ма едіңіз? Сәнді әрі сымбатты көрінетін бұл шаш сәнін үйде өзіңіз-ақ жасай аласыз.

Дымқыл шаш эффектісінің жасалу жолдары:

Гель

Шаш бойына шашқа арналған гель жағыңыз. Гельдің сіңуін бірнеше минут күтіп, шашыңызды үлкен тісті тарақпен тараңыз. Ауаның жылы ағыны режиміне қосылған фенмен шашыңызды кептіріңіз. Қалауыңызша артынан лак көмегімен шаш сәнін келтіріңіз.

Лак

Суланған не енді жуылған шашқа лакты молынан шашыратыңыз. Алақаныңызбен лактың шаш бойына бірдей жағылуын қамтамасыз етіңіз. Осы кезде саусақтарыңызбен шашыңызды бұрап, толқындар жасасаңыз болады. Фен көмегімен не табиғи түрде шашыңызды кептіріңіз.

Мусс

Дымқылдау шашыңызды бірнеше бұрымға бөліп, әрқайсысына мусс жағып, шашыңызды бұрап отырып, фенсіз кептіріңіз.

Балауыз 

Қолыңызбен бірнеше түйір шашқа арналған балауызды ысқылап, шашқа жағыңыз. Қажет жағдайда фен қолданыңыз.

Барлық әдістерге ортақ ереже бар. Шашқа гель не басқа сұйықтық жаққанан кейін, шашты тарамаған жөн. 

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: lovelyish.com

С. А