Сұлу болу үшін қандай азық көмекке келеді?

Сұлу болу үшін қандай азық көмекке келеді?
Фото: vk.com

Сұлу болу үшін арнайы тамақтану тәртібін ұстану керек дегенді талай рет естіген боларсыз. Оған қандай тағамдар жатады?

Жұмыртқаның ағы

Ақуыз терінің ұсақ тесіктерін тартуға көмектеседі. Жұмыртқаның ағынан жасалған маска бетті ағартып, кеңейіп кеткен ұсақ тесіктерді тартады.

Сұлы қауызы

Сұлы өзінің ылғалдандырғыш қасиетімен белгілі. Бал, лимон шырыны мен сұлы қауызынан маска жасап, теріні ылғалдандырып, тыныштандыруға болады.

Ас сіркесуы

Шашыңызды айына бірнеше рет сіркесуымен шайып тұрыңыз. Бұл кондиционерден гөрі пайдалырақ әдіс. Сіркесу шашыңызды жылтыр ете түседі.

Бал мен қант

Бал мен қантты араластырып, теріге арналған скраб жасауға болады. Ол теріні жаңартып, ылғардандырып, теріні қалыпқа келтіреді.

Лимон

Шашыңыздың түсін ашықтау еткіңіз келсе, лимон шырыны мен суды араластырып, шашыңызға жағыңыз. Ол шашты ағарта түседі. Кейбір арулар лимон шырынын терідегі дақты ағарту үшін пайдаланады. Алайда терісі нәзік келетін арулар абай болғаны жөн.

Кофе

Ұнтақталған кофені денеге арналған скраб ретінде пайдалануға болады.

Шай қалташалары

Пайдаланылған қара шай қалташаларын көзіңізге 10 минутқа қоюыңызға болады. Ол көздің ісінуін басып, жарқырата түседі.

Аспирин

Бірнеше аспиринді 1 шай қасық балмен араластырып, бетке жағыңыз. 10 минуттан кейін жуып тастаңыз. Теріңіз жаңарып, қызарғаны басылады.

Зәйтүн майы

Бетті ылғалдандыратын табиғи құралдың бірі – зәйтүн майы. Зәйтүн майын денеге арналған скрабқа қосып, қолдануға болады. Оның көмегімен теріні макияждан тазартуға да болады.

Ас содасы мен құлпынай

1 құлпынайды жарты шай қасық ас содасымен араластырыңыз. Тіс жуғыш щеткамен қоспаны тіске жағып, 5 минуттан кейін әдеттегідей тісіңізді пастамен жуыңыз. Егер бұл әдісті аптасына 1 рет пайдалансаңыз, тісіңіз ағара түседі.

Ұқсас жазбалар:

Сұлу болу үшін...

Аруларға тағы бір сый

Ф. Абилова