Арықтауға арналған сусындар

Арықтауға арналған сусындар
Фото: pinstake.com

Арықтауға көмектесетін сусындардың жасалу жолымен танысыңыз:

Гидромель

1 стақан жылы суға 1 шай қасық бал мен 2 ас қасық лимон шырынын қосу керек. Тамақтану алдында үш рет ішу керек. Сусын құрамындағы С дәрумені асқазандағы қоқысты шығарып, иммунитетті жақсартады.

Сұлы киселі

Бұл сусын зат алмасу үдерісін жақсартып, иммунитетті нығайтады. 3 литрлік банкаға 200 гр сұлы қосып, жарты стақан айран, 1 ас қасық қаймақ пен 1,5 литр су қосу керек. Ыдысты дәкемен қымтап жауып, ашыту үшін жылы жерге қоямыз. Сусынды сүзгіден өткізіп, кәстрөлге құйып, пеште қайнатамыз. қайнаған соң оттан алып, қойыңыз. Тамақтануға жарты сағаттай қалғанда жарты стақан көлемінде ішіп отырыңыз.

Бал-даршын сусыны

Бұл сусын асқазанды тазартып, ас қорыту жүйесін тездетеді. Жарты шай қасық даршынға 200 мл қайнаған су құйып, 1 шай қасық бал қосып, араластырамыз. 2 сағатқа тоңазытқышқа салып, суытамыз. Ұйықтар алдында және таңертең аш қарынға ішу керек.

Ф. Абилова