Пайдасы мол теңіз тұзы

Пайдасы мол теңіз тұзы

Теңіз тұзының құрамында Менделеев кестесіндегі барлық минералдар кездеседі деуге болады, дәлірек айтқанда – 65-ке жуық минерал. Ол – ең мықты антисептик. Ертеректе жараланған жер қызарып ісіп кетпес үшін тұз тұнбасына малынған матамен таңып қойған.

Құнарлы құрамымен теңіз тұзы адам ағзасына жақсы әсер етеді, косметологиялық жағынан да пайдасы зор.

Теңіз тұзының пайдалы қасиеттері:

  • Стрессті басады,
  • Иммунитетті жақсартады,
  • Тонусты көтереді, теріні жұмсартады,
  • Ісіп қызарудың алдын алып, антисептикалық және тез емдеуге қабілетті,
  • Қанның қоюлануына жақсы көмектеседі,
  • Клеткалардың қоректенуін жақсартады.

Теңіз тұзын қалай пайдалану керек?

Теңіз тұзын пайдаланудың бірнеше тәсілдері бар. Ең танымалы – тұзды ванна қабылдау. Сонымен қатар қан айналымын жақсарту үшін, денені шынықтыру үшін, целлюлиттен емдеу үшін және иммунитетті жақсарту үшін денеге сылайды.

Суық тиген кезде теңіз тұзымен ингаляция процедураларын қолданады. Сонымен қатар, теңіз тұзы көптеген косметикалық құралдардың құрамына кіреді (кремдер, маскалар, гельдер және т.б.).

Теңіз тұзы қосылған ванна

Жеңілдеп, стресстен арылу үшін ваннаны ұйықтарға 1 сағат қалғанда және кешкі астан 2 сағат өткен соң кешке қабылдаған жөн. Жақсылап емделу үшін күн ара 15-20 минуттан толық бір «курс» – 10-15 ванна алу керек. 250-ден 1000 граммға дейін мөлшерде теңіз тұзын алып, ыстық суда ерітіп, кейін жылы су құяды. Ванна қабылдауға ең қолайлы температура – 36-370С. Егер сергіп қалғыңыз келсе – таңғы ванна қабылдаған дұрыс. Мұндай жағдайда температура сәл төмендеу болу керек – 33-340С.

Қолға және тырнақтарға арналған теңіз тұзымен ванна

Кішкене қасық теңіз тұзын 200 грамм дистилденген суда немесе қайнаған суда (жылы болуы керек) ерітіп, қолыңызды 20 минутқа салыңыз. Тұз құрамындағы минералдар тырнақты құнарландырып, қатайтады. Егер тырнақтарыңыз сынғыш болса аптасына 2-3 реттен, түнге қарай жасап тұрған абзал. Толық курс 5 процедурадан тұрады.

Целлюлитке қарсы теңіз тұзы қосылған скраб

Үш үлкен қасық ірі теңіз тұзын екі шай қасық зәйтүн майымен араластырып, блендерде ұнтақталған лимон қосыңыз. Скрабты проблемалы аймаққа жағып, губканың көмегімен сағат тілі бойымен ысқылаңыз. Мұндай процедура қан айналымын жақсартып, клеткалардан токсиндерді шығарып, орнына оттегімен қамтамасыз етеді, теріні сергітіп, жұмсартады.

Сурет: blogroz.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina