- Негізгі бет
- Сымбат
- Арықтағысы келетін арулардың...
Арықтағысы келетін арулардың қателіктері
Тез арықтаймын деп қыз-келіншектер дене сымбатына, денсаулыққа кері әсер ететін қателіктерді жібереді. Олар:
1. Тағам мөлшерін өзгерту
Тез арықтау үшін аруларымыз майдан түбегейлі бас тартады. Ал ағзамызға, теріміздің жұмсақ, нәрлі болып тұруына өсімдік майы қажет.
2. Таңғы астан бас тарту
Таңғы астан бас тартсаңыз, түскі уақытта аштықты сезініп, кешке дүкеннен толтырып тағам сатып алуыңыз ғажап емес. Ал кешке көзге түскеннің бәрін жесеңіз, артық салмақты тастаудан күдер үзе беруіңізге болады.
3. Су мөлшерін азайту
«Ісініп» кетпеу үшін кейбір қыздар су мөлшерін де азайтады. Бұл – үлкен қателік. Себебі, біріншіден, судан ісінбейсіз, екіншіден, су балансын бұзу азға жүйесінің қызметіндегі ақаулардың тууына себепші. Ескі, қажет емес токсиндер ағзадан шыға алмай, бетке безеу, бөртпе шығып кетеді.
4. Аштық
Көптеген арықтаушы тамақтануды тыю — тез арықтауға көмектесетін әдіс деп ойлайды. Бұл да қате ұстаным. Керісінше, ағза өзінің қиын жағдайда екенін түсініп, майды да «жібермейді». Себебі алдағы уақытта өмір сүру үшін майды өзінде қалдырады. Зат алмасу жүйесі бәсеңдейді. Салмақтың азаюы үшін күніне 5-6 рет алақанға сыярдай порциялы тамақ жеу керек.
5. Жаттығу залында күш біткенше сағаттап жаттығу
Тезірек арықтау үшін кейбір арулар жаттығу залында бірнеше сағат бойы шаршағанша жаттығады. Мұның арты инсультке апаруы мүмкін. Өзіне жоғары талап қою ағзаның тозуына әкелуі ықтимал. Күніне 45 минут жаттығу әбден жеткілікті.
6. Шектен тыс арықтау
Кейбір қыз-келіншектер арық, сымбатты болу үшін өзіне шектеу қоя алмайды. Бастапқыда 5 кг тастаймын деген ару мақсатына жеткен соң тағы бірнеше килограмм тастағысы келеді. Сосын тағы бірнеше... Бұл анорексия, булемия ауруларына шалдықтыруы мүмкін. Ал физиологиялық проблемалар психиканың бұзылуына апарып соғады. Қанағат жайлы ұмытпаңыз.
Арықтау үшін дәмді, пайдалы азық құрайтын дұрыс тамақтану тәртібі мен күнделікті физикалық жаттығулардың режимін жасауыңыз керек. Ара-арасында майлы тамақты да жеп тұруға болады, мысалы айына 2 рет. Дұрыс тамақтану мен дұрыс жаттығу нормасы өмір салтына айналып, жақсы нәтижеге жеткізетіні анық.
Сурет: vseodetyah.com
Ұқсас жазба:
Артық салмақтан арылғыңыз келсе...
Ф. Абилова