- Негізгі бет
- Сымбат
- Шабдалы майының пайдасы...
Шабдалы майының пайдасы
Шабдалы майы – медициналық препарат ретінде де, косметикалық құрал ретінде де өте танымал.
Ол бет күтіміне арналған құрал ретінде пайдаланылады. Оның көмегімен әртүрлі маскалар мен иісмайлар жасалады.
Шабдалы майының құрамына бетке пайдалы майлы қышқыл элементтері кіреді. Онымен қоса шабдалы майы Р, А, Е, С, В тобының дәрумендері, кальций мен темір, фосфор мен калий сынды элементтеріне бай.
Егер теріңіз құрғақ, аса сезімтал болса, әртүрлі ісіну мен аллергияға бейім болса, шабдалы майын пайдалануыңызға болады.
Майлы маска құрамы:
Мақтадан жасалған сүлгіні ыстық суға бір шайып алып, сығыңыз. Сәл дымқыл болып қалуы керек. Үстінен 25 тамшы шабдалы майын тамызыңыз. Май сіңген соң сүлгімен бетті, мойынды жауып, сыртынан түкті сүлгі жабыңыз. Бұл қалыпта 30 минут жатуыңыз керек. Бұл масканы айына 1-2 рет қайталауға болады.
Сурет: liberty-rb.ru
Ф. Абилова