- Негізгі бет
- Сымбат
- Артық салмақтан арылғыңыз...
Артық салмақтан арылғыңыз келсе...
Көптеген арулар сымбатты, сұлу, арық болуды армандайды. Осы мақсатқа жету жолында көмекке сан түрлі диета келеді. Сонымен қатар арнайы маман - диетологтардың кеңестері де артық етпейді.
1. Күніне 2 литр су ішу керек екенін қайталап айтудан жалықпаймыз.
2. Таңертең оянған соң, аш қарынға 1 стақан су ішіңіз. Жарты сағаттан соң, таңғы асты ішуге болады.
3. Тамақтану алдында 30 минут бұрын су ішіп алыңыз. Ал тамақтанып болған соң, 40 минуттан кейін ғана су ішу керек.
4. Тамақтану тәртібін өзгертіп, күніне 5-6 рет тамақтануды әдетке айналдырған жөн. Себебі бұл әдістің нәтижесінде ағзада майлар жиналмайды.
5. Ұйықтар алдында кем дегенде 3 сағат бұрын тамақтану керек. Ал суды кез келген уақытта ішуге болады.
6. Шай мен кофені қантсыз ішуге дағдыланыңыз.
7. Картопты пісіріп не қайнатып жеу керек. Сондай-ақ аптасына тек 2 рет жеуге болады.
8. Жүзім мен банан көп калориялы жемістердің бірі. Оларды да аптасына 2 реттен жиі жеуге болмайды.
9. Жүрек-тамыр жүйесінің белсенділігі кешкі 6-ға таман артады. Сондықтан осы уақытқа жаттығуды белгілеген жөн.
10. Таңертең және кешке жеңіл жаттығуларды жасап шығыңыз. Бұл ас қорытуды тездететін әдістің бірі. Егер денсаулығыңыз мүмкіндік берсе, күнделікті жүгіруді бастаңыз.
11. Спортпен шұғылдануға лайықты уақыт – 17.00 мен 20.00-дің арасы.
12. Таңғы ас қабылдауды ұмытпаңыз.
13. Түскі асқа: сорпа, бульон, салат, майлы емес, қайнатылған ет, көкөністер мен жеміс жеу керек.
14. Бесіндікке: йогурт, салат, айран, майлы емес, қайнатылған ет пен көкөністер жеу керек.
15. Кешкі асқа: жеңіл салат, сүзбе, йогурт пен бұқтырылған көкөністер жеуге болады.
16. Жемістерді күннің алғашқы жартысында жеген дұрыс.
17. Қуырылған тағам туралы ұмытыңыз.
18. Салатқа майонездің орнына қаймақ не табиғи йогурт салыңыз.
19. Тез даярланатын тағамның бәрін ұмытыңыз. Фастфуд, шемішке, тұзды жаңғақтар, қытырлақ картоп сынды тағамдардан бас тартуға тура келеді. Ал егер тәттіге құмар болсаңыз, қара шоколад жеуіңізге болады.
20. Майлы, ұннан жасалған тағамнан толықтай бас тарту қате. Ондай жағдайда сіз ашулы, ызалы болып жүресіз, тіпті күйзеліске де түсуіңіз мүмкін.
21. Тамақтанғанда порцияңыз кішігірім болуы керек. Бір тамақтанғанда 200 грамнан аспауы керек. Алайда күніне 5-6 рет тамақтану керектігін де ұмытпаңыз.
Сурет: dermalatlas.ru
Оқи отырыңыз:
Ф. Абилова