Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Қолыңыз нәзік болу үшін...

Қолыңыз нәзік болу үшін...

Қолыңыз нәзік болу үшін...

Әйел адамның жасынан хабар беретін көрсеткіштің бірі – қолы болғандықтан, оған ерекше күтім жасалу керек. Ол үшін әртүрлі маска жасап үйренейік.

1. Жұмсартатын маска. 2 ас қасық қайнатылған қара шайға 5 ас қасық сұлы қауызын қосып, араластырыңыз. Дайын болған қоспаны қолыңызға жағып, мақтадан жасалған қолғап киіп, 1 сағат күтіңіз. Мүмкіндігінше, бұл масканы жағып, түнге қалдырған жөн.

2. Жасартатын маска. Орташалау алманы үккіш арқылы ұсақтаңыз. Оған 3 шай қасық зәйтүн майы мен кілегей (немесе қаймақ) қосып, араластырыңыз. Қоспаны қолыңызға жағып, 20 минутқа қалдырыңыз. Уақыт өткен соң жылы сумен жуып тастаңыз. Айтпақшы, бұл масканы бетке де жағуға болады.

3. Нәрлендіретін маска. Жұмыртқаның саруызы мен 1 шай қасық балды араластырыңыз. Қоспаны қолыңызға жағып, мақтадан жасалған қолғап немесе полиэтиленді пакет киіп, 20 минутқа қалдырыңыз. Уақыт өткеннен кейін жылы сумен жуып тастаңыз.

4. Емдеуші маска. 4 картопты тазартып, қайнатыңыз. Ұсақтап, 4 ас қасық сүт қосып, араластырыңыз. Дайын болған езбеге қолыңызды салып, суығанынша отырыңыз. Бұл маска кішігірім жараларды жазады.

5. Тазартатын скраб-маскасы. 2 ас қасық өсімдік майы мен 4 ас қасық қантты араластырыңыз. Қоспаны қолыңызға жағып, 3 минут ұстай тұрыңыз. Уақыт өткен соң жылы сумен жуып тастаңыз. Сондай-ақ 1 ас қасық лимон шырынын 1 шай қасық тұзбен араластырып, скраб дайындауға болады.

Егер қолыңызда жара болса, лимон секілді құрамында қышқыл элементі бар ингредиент қолданып, маска жасауға болмайды.

Сурет: content.ru

Оқи отырыңыз:

Сұлу болудың бір сыры

Тырнақ күтіміне қатысты кеңестер

Сырт келбетімізге күтім жасайық

Бетке үй жағдайында күтім жасап үйренейік

Қысқы бет күтімінің ерекшеліктері

Дайындаған: Фариза Абилова
Қосылған күні: 12 қаңтар 2015, 15:51

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.