- Негізгі бет
- Сымбат
- Тырнақ күтіміне қатысты...
Тырнақ күтіміне қатысты кеңестер
Кез келген бойжеткен өзін күтуі керек. Қыз баланың қолы нәзік болғаны жөн, себебі әйел жасынан хабар беретін көрсеткіштің бірі – оның қолы. Тырнағы ұқыпты жасалған, күтім көрген қол - әрбір әйел затының мақтанышы. Сондықтан назарларыңызға тырнақ күтіміне арналған кеңестер ұсынамыз:
1. Табиғи маска. Бірнеше ас қасық зәйтүн майы, бірнеше тамшы лимон шырыны мен йодтан қосып, араластырыңыз. Бұл қоспаға тырнағыңызды салып, 5-10 минуттай отырыңыз. Уақыт өткен соң, сабынсыз жуып тастаңыз.
2. Йод. Ұйықтар алдында тырнағыңызға йод жағып жатыңыз. Ол тез сіңіп кететіндіктен, ертесіне тырнағыңыз сары болып тұрмайды.
3. Лимон. Лимонның 2 тілімін қалыңдығы 1 см болатындай кесіп алыңыз. 1 тіліміне бір қолыңыздың тырнағын салыңыз. Осы күйде 5 минут отырып, сумен жуып тастаңыз.
4. Жидектер. Мүкжидек, қарақат, итбүлдіргеннен шырын жасаңыз. Онымен тырнағыңыз бен айналасындағы теріні сылап, жағыңыз.
5. Өсімдік майы мен лимон шырыны. Өсімдік майы, лимонның эфир майы немесе сығылған лимон шырынынан қоспа дайындаңыз. Тырнағыңызға 10 күн бойы үзбей жағып тұрыңыз.
6. Тұз бен йод. Ертеден бері тырнақты мықты ету үшін тұз қолданылып келеді. 1 стақан суға 1 ас қасық ас тұзы мен бірнеше тамшы йод қосыңыз. Бұл ерітіндіге мақтаны ылғалдандырып алып, тырнаққа жағыңыз.
7. Қызыл бұрыш. 1 шай қасық қызыл бұрыш пен кез келген иісмайдан 1 шай қасық алып, маска дайындаңыз. Тырнағыңызға жағып, 5 минутқа қалдырыңыз.
Аталған маскаларды жасап, жиірек қолданып тұрыңыз.
Сурет: cosmopolitan.co.za
Оқи отырыңыз:
Бет күтімінің арзан түрін білесіз бе?
Авокадоның пайдасын білесіз бе?
Сырт келбетімізге күтім жасайық
Бетке үй жағдайында күтім жасап үйренейік
Қысқы бет күтімінің ерекшеліктері
Бет күтіміне арналған кеңестер
Ф. Абилова