- Негізгі бет
- Сымбат
- Бет күтімінің арзан...
Бет күтімінің арзан түрін білесіз бе?
Бетті булау – теріні өлі жасушалардан тазартып, тері тесіктерінің ашылып, тыныс алуына көмектесетін, ажарыңызды жас қалпында сақтайтын маңызды іс-әрекеттің бірі.
Сондықтан оны бетінің терісі майлы бикештер 1 аптада, ал бетінің терісі құрғақ бикештер 2 аптада бір рет жасап тұрғандары жөн.
Алдымен шөптің тұнбасын әзірлеп аламыз. Құрғақ теріге өгейшөп, түймедақ, аскөк, жаужапырақты, ал майлы теріге жалбыз бен сәлбенді бірдей көлемде алып ұсақтап, шайнекке не термосқа үстінен 200 грамм қайнаған су құйып, 10–15 минутқа тұндырасыз. Тұнба дайын болғанша бетіңіз бен тамағыңызды әуелі косметикалық сүтпен сүртіп, сосын гельмен не скрабпен тазартасыз да, қайнаған салқын сумен шаясыз.
Суды қайнатып, оған шөбі алып тасталған тұнбаны қосып, қайнағаннан кейін шұңғыл ыдысқа құйып, басыңызды үлкен сүлгімен жауып, бетіңізді алдымен алысырақ, суи бастағанда жақынырақ тосасыз. Әйтпесе бетіңіздің терісін күйдіріп алуыңыз мүмкін. Майлы теріні 10 минут, қалыпты теріні 6–8 минут, құрғақ теріні 3–4 минут ұстау керек.
Бетіңізден тамшылаған теріні таза сүлгімен сүртесіз. Булағаннан кейін анық көрінген қара майлы дақтарды үлкейтіп көрсететін айнаға қарап тұрып, таза қолмен сығып тастауға болады, ұсақтарына тиісудің қажеті жоқ. Содан соң бетіңіз бен тамағыңыздың терісін тоникпен сергітесіз де, нәрлендіретін иісмайды жағасыз. 15–20 минут жатып, тынығып алыңыз.
Сурет: medicingid.ru
Оқи отырыңыз:
Авокадоның пайдасын білесіз бе?
Сырт келбетімізге күтім жасайық
Бетке үй жағдайында күтім жасап үйренейік
Қысқы бет күтімінің ерекшеліктері
Бет күтіміне арналған кеңестер
Ф. Абилова