Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Әдемі жүру мәнері

Әдемі жүру мәнері

Әдемі жүру мәнері

Әдемі жүру мәнері - нағыз арудың белгілерінің бірі. Cіз жайлы ой тек киіміңіз бен мінезіңізге ғана емес, жүрісіңіз бен өзіңізді ұстау мәнеріңізге байланысты қалыптасады. Әдемі жүрістің басты ережелерімен таныс болып, оларды естен шығармай жүріңіз.

Арқа. Арқаңыз әр кез түзу болуы тиіс. Күніңіз ауыр, жұмысыңыз көп болып шаршасаңыз да, арқаңызды түзу ұстаңыз. Үстіңізге қандай әсем көйлек кисеңіз де, арқаңыз бүгілсе, келбетіңіз сұлу болмайды. Арқаны былай жаттықтыруға болады: Күніне 10-15 рет түзу дуалға арқамен тұрыңыз. Арқаңыз бен басыңызды түзу ұстап, осылайша 10-15 секундқа қатып қалыңыз. Кейін алдыға бір қадам жасап, арқаңызды сол қалыпта, түзу ұстауға тырысыңыз. 

Бас. Бас көтеріңкі болып тұруы керек. Төмен түсірілген бас пен астыға қараған көздер сізді мұңайған, шаршаған адам етіп көрсетеді. Басты дұрыс ұстаймын десеңіз, мына жаттығуды қайталаңыз. Бөлмеңізде бірнеше минут басыңызға ауыр кітап салып жүріңіз. Басыңыз бен арқаңызды түзу ұстаңыз. Бұл жаттығу сонымен қатар баяу, байыппен қимылдауға үйретеді.

Қадам. Қадамыңыздың ұзындығы орташа болу керек. Тым ұзын қадам сізді дөрекі, ал қысқа қадамдар сізді күлкілі етіп көрсетеді. Тез жүрудің де қажеті жоқ. Бұл сізді ылғи бір жерге асығатын, істерін тындыруға үлгермейтін адам қылып көрсетеді.

Қол. Жүргенде қолын жіберетін жер таппай, оны қалтаға салып, қолмен артық қимыл жасамаңыз. Жүргенде қолды жүрістің ырғағына сай сәл теңселтсе болады. Алайда қолыңызды сілкіп кетпегеніңізге көз жеткізіңіз.

Осы қарапайым ережелерді сақтасаңыз, жүрісі сымбатты, өзіне сенімді,  жұмбақ ару боласыз. Алайда ең бастысы өзіңізге, сұлулығыңызға деген сенімділік, өзіңізді сүйе білу, өзіңізге дұрыс баға беріп, аяғыңызды нық басу.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет:vplenukrasoti.ru

6948 0
Рейтинг: +4

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 14 маусым 2012, 15:02
Пікірлер
+0
14 маусым 2012, 15:40

спортты киіммен жүргенде білмеймін, бірақ биік өкше кисем автоматты түрде майысып қаламын :P бұл жүрістің қай түріне жатады???

+0
14 маусым 2012, 15:56

нағыз дұрыс сіздің жүрісіңіз) Өкше кигенде майысып, басты көтеріп қалам мен де))

+0
14 маусым 2012, 16:04

Каблук кигенде тізелері бүгіліп кеткен қыздарды көп көремін және оларды түсінбеймін. Кие алмаса, несіне киеді екен! Көзге оғаш көрінеді, өйткені екі тезесі бүгіліп, тәлтіректеп жүргендері сосын

+0
14 маусым 2012, 16:06

құлап қалар ма екен, құлап қалар ма екен деп келе жатасыз ба артынан :lol: :lol:

+0
14 маусым 2012, 16:04

биік өкше киіп шыққан күні алдыңнан сәл ғана кедергі шығып қалса, ойланып қалатынымыз ше)))) кеше ғана макасимен кепканы басып киіп алып сол жерден секіріп өтіп кеткеніңді ұмытып қалғансың да :lol:

+0
14 маусым 2012, 16:25

енді арасында болады ғой) аптасына бір рет))

+0
15 маусым 2012, 00:54

Қыздың жүріс мың құбылады. Әсіресе, жігіттер тесіліп қараса, өзінен өзі мәнерлі жүріс болып кетеді))) Сондықтан, әркез біреулер сыртымнан қарап тұр деп ойлау керек :lol: :lol:

+0
15 маусым 2012, 00:54

http://massaget.kz/bastangy/krasota/251

+0
15 маусым 2012, 11:58

Маған бәрі ылғи асығып жүресің дейді... :?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев