- Негізгі бет
- Сымбат
- Мінсіз дене сымбатына...
Мінсіз дене сымбатына жету үшін...
Мүсін сымбатына қол жеткізу қиын деген жәй сылтау ғана. Бүгіннен бастап ақталуды доғарып, бар күш-жігеріңізді қолға алып, жаттығуды бастаңыз.
1. Велосипед
Денеңіздің барлық бұлшық етін жұмыс істетуге септігін тигізетін бұл спорт түрі көптеген бойжеткеннің көңілінен шығары анық. Алдымен жай серуендеуден бастап, содан соң жаңа маршрут жасап, велосипед тебу уақытын ұзартыңыз.
2. Тауда жүгіру
Бұл әдістің көмегімен денеңіздің мінсіз сымбаттылығына қол жеткізе аласыз. Алдымен 10 минуттай бойыңызды созып, жаттығу жасап алыңыз. Егер тауда жүгіруге мүмкіндігіңіз болмаса, жаттығу залындағы құрылғының «көтерілу» (подъем) деген батырмасын 10% етіп қойып, жаттықсаңыз болады.
Содан соң 20 секундқа спринтке (жақын қашықтыққа жүгіру) өтіп, ақырындап баяулай бастаңыз. Жақсы нәтижеге жеткіңіз келсе, бұл әдісті 8 рет қайталау керек. Бұл жаттығуды аптасына үнемі бір мезгілде жасап отырсаңыз, жеткілікті болады.
3. Ауыр заттарды көтеру
Гантель көтеру ағзадағы майларды азайтуға, бірте-бірте жоюға да көмектеседі. Сондықтан гантельмен жасайтын жаттығуларды аптасына 4 рет жасап жүрсеңіз, көп ұзамай нәтижесін де байқайсыз.
4. Ескек есу спорты
Жаз мезгіліне жаппай дайындалу кезінде ескек есу спорты да жақсы көмектеседі. Бұл жаттығу калорияларды жоюға көмектеседі. Бұл әдісті аптасына 2-3 рет жасау жеткілікті.
5. Степ-аэробика
Артық салмақтан арылуға степ-аэробика да жақсы көмектеседі. Бұл жаттығудың арқасында сан, қол мен бел жіңішкереді. Мамандардың айтуынша екі аптадан кейін нәтижен байқала бастайды. Бұл жаттығуды ең болмағанда аптасына екі рет жасап тұрған жөн.
6. Би
Билеу − тез арада арықтауға көмектеседі. Бір жаттығудың өзі жүздеген калориядан арылуға септігін тигізеді. Әсіресе, латын-америкалық биші бикештерді талдырмаш, қыпша бел аруға айналдырады.
Сурет: thefitspoproject.com
Оқи отырыңыз:
5 минут жүгіру арқылы өмірімізді 3 жылға ұзартамыз
Арықтауға кедергі келтіретін 11 өнім
Ф. Абилова