- Негізгі бет
- Сымбат
- Аяқ қажалуында бір...
Аяқ қажалуында бір сыр бар
Кімнің аяғы қажалмайды дейсіз, сол себепті бұл тақырыпта сөз қозғаудың өзі ерсілеу сияқты көрінеді. Жаңа аяқ киімді аяғыңыз көпке дейін бөтенсіп, шыдамай шешіп алған кезіңіз болған шығар.
Алайда аяқта пайда болатын күс, сүйелдердің де өз «тілі» болады екен: олар адам денсаулығында ақау барын білдіретін көрінеді. Себебі аяқ киім ауыстырса да, кейбір адамдардың сүйелдері кетпей қойып, хирург дәрігерлерге барып, кестіріп жатады.
1. Өкшенің жан-жағындағы сүйелдер буын аурулары барын сездіреді.
2. Табанның сыртына пайда болған күске қарап, омыртқаның қисайғанын аңдайсыз.
3. Табанның ішкі жағына күс пайда болған адамның ішектерін терең тексеруден өткізу керек.
4. Оң аяқтың ең кішкентай башпайы қажалса, бауыр қызметінің бұзылғандығын білдіреді.
5. Сол аяқтың ең кішкентай башпайы қажалса, жүрек қызметінің бұзылғандығын білдіреді.
6. Егер үлкен башпайдан басқа төртеуі бірдей қажалса, адамның жүйкесі тозғанын көрсетеді. Осы кезде жөтел пайда болса, дәрігерге барып, тыныс жолдарын тексерту қажет.
7. Үлкен башпайдың қажалғаны зат алмасудың баяулағанын, қалқанша без қызметінің бұзылғанын көрсетеді.
Ал психосоматика бойынша, күс, сүйелдің болуы адамның өткен өмірінде үлкен жан жарақатының болғанын, оны әлі күнге дейін уайымдайтынын білдіреді екен. Сондықтан қолдағы күс сол адамның қазіргісінен, аяқтағысы болашағынан қорқатынын сездіріп, ештеңеден қаймықпай, өткенге салауат деп батыл қадам жасау қажеттігін «айтады».
Мұндай кісілерге психологтар: «Менің болашағым жарқын. Өткенім өтті, менің өмірім бұдан былай бақытты болады. Мен қазір де бақыттымын» деген аффирмацияларды жиі қайталау қажеттігін ұсынады.
Қажалғанды қалай кетіруге болады?
Қазір дәріханаларда арнайы пластырьлар сатылады. Одан басқа амалдар да жеткілікті. Ұйықтар алдында қажалған жерді сұйық маймен сылап, бірнеше күн уқалап, массаж жасау қажет. Аяқты 10–15 минут жылы суға салып, жібітіп, сүйелді пемзамен үйкелейді. Ұйықтар алдында арнайы сүйелге арналған кремнің бірін жағып, шұлық киіп жату керек. Егер өзіңіз осы кеңестерді жасауға жүрексінсеңіз, дәрігерге барыңыз.
Сурет: starmedica.com
Оқи отырыңыз:
Сіз қандай қалыпта ұйықтайсыз?
Ф. Абилова