Қыз баланың қолы нәзік болу керек

Қыз баланың қолы нәзік болу керек

Біз өкінішке орай, қол күтіміне аса мән бермейміз. Алайда әйел жасынан хабар беретін көрсеткіштің бірі – оның қолы. Сондықтан бүгін қол күтімі жайлы кеңес ұсынамыз.

Бірден бірнеше қолға арналған иісмай (крем) сатып алыңыз. Кез келген жерде: өз бөлмеңізде, ас бөлмесінде, тіпті сөмкеңізде қолға арналған иісмай болғаны жөн. Себебі қолымызды жиі суға саламыз, қолды жуып болған соң бірден иісмай жағуды әдетке айналдырыңыз.

Жалпы ыдыс, кір, еден жуғанда резеңке қолғап пайдалануға дағдыланыңыз, себебі сабындар қол терісіне зиянды әсер етеді.

Бетке маска жасағанда қолға да жағуды ұмытпаңыз. Мысалы, сұлы жармасын суға не сүтке араластырып жасаған масканы бетке жағыңыз да, қалғанына бір шай қасық сұйық май араластырып, қолыңызға (шынтағыңыз ескерусіз қалмасын) жағыңыз. Әлбетте алдымен скраб жағып, бетіңіз бен қолыңызды тазалап алыңыз.

Аптасына бір рет ұйықтар алдында қолыңызға қоректендіретін иісмайды жағып, мақта матасынан тігілген қолғап киіп жатуды әдетке айналдырыңыз. Немесе резеңке қолғаппен жұмыс істегенде де иісмай жағып алуға болады.

Еліміздің қалаларындағы кез келген әмбебап дүкендерінде "бархатные ручки", "nivea", "yves rocher" және тағы да басқа түрлі иісмайларын табуға болады. Негізінде осы компания иісмайлары қыз-келіншектердің көңілінен шықты.

Көктемде, күзде және қыста далаға қолғапсыз шықпаңыз.

Тырнақтары ұқыпты жасалған, күтім көрген әдемі қол - әрбір әйел затының мақтанышы.

Сурет: zastavki.com

Оқи отырыңыз:

Қыздар сұлу көрінер...

Суық мезгілде дұрыс күтіну жолдары

Бет күтіміне арналған кеңестер

Ф. Абилова