Шаш сәні: Бұйра шаш

Шаш сәні: Бұйра шаш

Кез келген кездесуге үйлесімді бұйра шаштар сәннен шығар емес. Алайда қатты бұйра, жасанды көрінетін шаштан, табиғи жұмсақ толқын сияқты бұйра шаш әлдеқайда тартымды көрінеді. Ендеше осындай жұмсақ толқындарға қалай қол жеткізуге болатындығымен таныс болыңыздар. 

Қажетті құралдар:

  • Орта диаметрлі термобигуди немесе плойка;
  • Шашқа арналған мусс;
  • Шашқа арналған сарсу;
  • 15 минут уақыт.

1-қадам: Шашыңызды жуып, фенмен шашыңызға көлем беріп кептіріңіз. Басыңызды төмен қаратып жылы ауа ағынын астынан үстіге қарай бағыттасаңыз, көлемге қол жеткізе аласыз.

2-қадам: Шаш түбіне және бойымен мусс жағыңыз. Шашыңызды термобигудимен не плойкамен бұйралаңыз, оларды тігінен ұстап ораған жөн. Бетіңізге жақын шашыңызды түбіне дейін, одан арғы шаштарды шаш түбіне 2 см жетпей, арттағы шашыңызды 5 см жетпей бұйралаңыз. Осылайша шашыңыз сатылы бұйраланып тұрады. Бұл әлдеқайда табиғи көрінеді. 

3-қадам: Шашыңызды тараңыз.

4-қадам: Шашыңызды лакпен қатырмай-ақ қойыңыз. Оған бостандық беріңіз. Шашқа арналған сарсуды жағып, шашыңызды саусақтармен бұрымдарға бөліңіз. Сарсу шашыңызға ерекше жылтыр беріп, түсін жарқын етіп көрсетеді. Сонымен қатар ол шашты сыртқы ортаның әсерінен сақтайды. 

Бұйра шаш дайын!

Сурет: pantene.ru

С. А