Бойыңыз қысқа болса (қыздар үшін)

Бойыңыз қысқа болса (қыздар үшін)

Ал енді назарларыңызға бойы орташа ұзындықтан төмен қыздарға арналған бірнеше кеңес ұсынамыз. Бірде Наполеон «Менің бойым қысқа емес, бар болғаны өздерің едәуір ұзынсыңдар» деп жауап берген екен.

Ренжітушілер болса, қыз баласы әрдайым жігіттен қысқа болуы керектігін айтыңыз.

Бойымызды қалай ұзын етіп көрсетуге болады?

Расымен де, бойыңыздың ұзын болуын қаласаңыз, денеге физикалық ауырлық түсіретін жаттығулар жасауыңыз керек болады. Ал егер ол қолыңыздан келмесе, төмендегі бірнеше ережені ескеріңіз.

- Еш уақытта бүкіреймеңіз. Үйде, сабаққа бара жатқан кезде, жұмыста отырғанда да бойыңызды тік ұстауыңызға мән беріңіз. Өзгелердің аяқ киімін қарап жалтақтамай, әрдайым алдыңызға қараңыз. Үйде басыңызға кітап қойып біраз уақыт жүріңіз;

- Танкетка немесе өкшесі бар аяқ киім киіңіз. Ал егер спорт стилінде киінуді ұнататын болсаңыз, табанында «амортизаторы» бар крассовкі сатып алыңыз;

- Шашыңыз тура төбеңізде жайғасатындай етіп буыңыз;

- Киіміңізде вертикальды сызықтар болсын;

- Етегі ұзын белдемше таңдаңыз;

- Мұнымен қатар бір түсті және денеге жабысып тұратын киімдер бойды визуальды түрде ұзартады;

- Бұдан өзге жеңі ¾ кеудешелер киіп, түрлі мойынорағыштар таққаныңыз абзал;

Сұлу – сұлу емес, сүйген – сұлу демекші, өзіңізді сол күйінде жақсы көріңіз! 

Ал сізде мұндай комплекс бар ма?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: Айым Сейтметованың жеке парақшасынан 

Қ. Бүйенбай