- Негізгі бет
- Сымбат
- 5 минут жүгіру...
5 минут жүгіру арқылы өмірімізді 3 жылға ұзартамыз
Айова университетінің ғалымдары зерттеу барысында тонусты сақтап тұру үшін күнделікті 5 минут жүгірудің жеткілікті екенін анықтады.
Мамандар бұл болжамды 55 000 адам қатысқан эксперимент нәтижесінде айтып отыр. Олар 18-100 жас аралығындағы қатысушыларды 15 жыл бойы бақылаған екен. Нәтижесінде күнделікті 5 минут жүгіретін адамның өмірі ұзақ болатындығы және жүрек қан тамырлары ауруына шалдығу қаупі 45%-ға төмендейтіндігі анықталған. Яғни адам күнделікті 5 минут жүгірудің арқасында өмірін 3 жылға ұзартып отырады.
Көбіміз физикалық жаттығулардың денсаулығымызға пайдалы екенін білеміз. Ал жүгіруді ұнатпайтын жандар секіргіш ойнап, велосипед жүргізе алады. Мұнымен қатар бұл тынымсыз тіршіліктің жетегінде жүретін халыққа уақытын үнемдеуге көмектеседі.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: hoshu.ua
Қ. Бүйенбай