Тартымды стрелка

Тартымды стрелка

Көздің сұлулығын айқындайтын сүрмемен стрелка жасау тренді ешқашан сәннен қалған емес. Алайда бір реттен сүрме жағу кімнің болса да қолынан келмейді. Сол себепті көзімізге әдемі стрелка жасауды үйренейік.

1. Көзіңізге сүрме жағарда қабағыңызды созбаңыз. Өйткені қабақты созған сайын сүрме жолағы қисық болып қалады;

2. Сүрмені көзіңіздің сәл жұмулы қалпында жағыңыз, сол кезде қандай форма қалайсыз, соны бақылауға болады;

3. Жолақты бір реттен жағуға тырыспаңыз. Кірпігіңіздің үстінен бірнеше үзік сызықтар қалдырып, өзіңізге қалаған форма жасап, соңына қарай сызықтарды біріктіре салыңыз.

4. Сүрме шашағынан артық бояуды алып тастауды ұмытпаңыз. Шамадан тыс бояғыш пигменттер көзіңіздің жалпы көрінісін бұзуы мүмкін;

5. Сүрме жолағы көзіңіздің ішкі жағынан жіңішке келіп, сыртқы бұрышына қарай қалыңырақ бола түсуі тиіс. Ол үшін сүрме шашағын ақырын, не қаттырақ басып жағу керек;

6. Сүрмемен стрелка жасау үшін ыңғайлырақ отырыңыз, мүмкіндік болса, үстелдің үстіне отырыңыз, шынтағыңыз үстелдің үстінде жататындай болсын, осылайша жолақты түзу сызуды қамтамасыз етесіз;

7. Бастапқыда жолақ түзу болмағанына қапаланбаңыз. Сүрмені көп қолданған сайын қолыңыз үйреніп, түзу сызуға бейімделеді.

Сүрме қолданып, көздеріңіздің сұлулығын айқындата түсіңіз. Әрдайым әдемі болып жүріңіздер.

Сурет: makeupidee.it

A. Mustafina