- Негізгі бет
- Сымбат
- Бетке арналған мата...
Бетке арналған мата маска – корей әйелдерінің сұлулық сыры
Бетке арналған матадан жасалған маска (маска-майлықтар, мата маскалар немесе матасыз жасалған маскалар) – еуропалық нарықта енді-енді пайда болып жатқан өнім. Алайда Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде (Жапония, Корея, Қытай) бір рет пайдаланылатын мата маскалары күнделікті бет терісінің күтіміне арналған құрал болып табылады. Жүздеген өндірушінің ондаған елге миллиондаған экспорттауы әйелдердің бұл өнімді жоғары бағалайтынын білдіреді.
Олай болса, қарапайым мата маскасының қандай пайдасы бар екенін анықтап көрейік.
Құрамы мен қаптамасы
Маска қарапайым сулыққа ұқсас арнайы көз бен ауызға арналған ойықтары бар гипоаллергенді материалдан жасалады. Сулыққа қарағанда мата қалыңырақ және су негізінде жасалған қойылтылған сарысудан тұрады.
Көбіне сарысу салыстырмалы түрде жеңіл хош иісті қою гельге ұқсайды. Өндірушілер әдетте ерітіндіні аямайды, сол себепті масканы бір реттен көп тұтынатындар бар.
Бір рет пайдаланатын қаптама – бұл кішкентай сөмкеге оңай сыйып кететін кішігірім полипропиленді қалта. Қаптама ауа кірмейтіндей қапталған және күн сәулесі түсуінен қорғалған.
Қалай тұтыну керек?
Сулық-маска тұтыну тұрғысынан өте ыңғайлы. Қарапайым процедура мынадай:
- Бетті мұқият жуу;
- Әлдендіру (тонизирование) – бұл теріге қоректендіретін заттардың сіңуін қамтамасыз етеді;
- Тікелей пайдалану – маска бетке 15-20 минутқа қойылады;
- Пайдалану кезіндегі демалыс.
Бұдан кейін бетті жуу мен қосымша өңдеудің қажеті жоқ. Мүмкіндік болса саусағыңызбен жеңіл массаж жасауға болады.
Екіншіден, осы 15-20 минутта шынымен демалуға тырысыңыз: қимылдамай, сөйлемей, жатып, босаңсып, ән тыңдасаңыз болады. Егер бет бұлшық еттері қозғалмай тұрса, маска оны бір қалыпта айқындап алады да, сол жерге қоректі заттарының сіңуіне әсер етеді. Осы себепті масканы жатып пайдалану ұсынылады.
Масканы тұтыну кезінде бетті ашытып жатқандай сезім пайда болуы мүмкін – бұл белсенді заттектердің әсер етіп жатқандығының белгісі. Заманауи мата маскалары пайдаланылған соң қосымша ылғалдандыруды талап етпейді, өйткені оның өзі тамаша ылғалдандырады және құнартады.
Егер бет терісінің саулығын қайта қалпына келтіру қажет болса 10 масканы күн ара пайдалану ұсынылады. Ал тері күтімі үшін аптасына 2-3 рет пайдалану да жеткілікті.
Мата маскасые қай кезде пайдалану керек?
Бет терісінің кешкі күтімінің бір бөлігі ретінде пайдалануға болады. Бұдан кейін түнгі крем жағудың қажеті жоқ.
Макияж жағардың алдында ылғалдандыратын негіз ретінде таңертең тұтынуға болады. Бұл тұрғыда сіз екі есе ұтасыз: қажетті ылғалдандырумен қатар, бет терісі тегістеліп, макияждың тегіс жатуына жақсы әсер етеді. Бұл декоративті косметиканы үнемдеу тұрғысынан да пайдасы бар, ал егер масканың белсенді компонентіне гидролизді інжу кірсе – бұл бетті майлылығынан арылтады.
Маңызды кездесу немесе іс-шараның алдында күндіз пайдалануға болады. Тез арада бет терісінің реңін қалпына келтіріп, әрлендіру қажет болса мата маскасы көмекке келеді.
Матадан жасалған масканың артықшылықтары
Мата маскасы теріні ылғалдандырып, пайдалы заттектермен нәрлендіреді, әп сәтте мимикалық әжімдерді тегістеп, теріні сергітеді. Пайдалану ыңғайлылығы мен жеңілдігі – ешқандай қайта жуу мен қосымша әрлендіруді талап етпейді.
Сонымен қатар маска ыңғайлы қаптамасымен ұтымды. Бірнеше қалташаны өзіңмен бірге саяхатқа алып жүруге де болады.
Белсенді компоненттер
Бетке арналған маскалар – корей косметикасындағы ең танымал құралдардың бірі. Ал ондағы белсенді компоненеттердің әртүрлілігі жеке мақаланы талап етеді. Бұл еуропалық косметикаға тән «химиялық» жасаушылар: гиалурон қышқылы, коллаген, коэнзим Q10, эпидермальды өсу факторы (EGF) және барлық әйелге таныс органикалық сығындылар – балара сүті, лимон, анар, қияр және т.б. Алайда еуропалық өндірушілердің тері күтіміне арналған құралдарда кездесе бермейтін корей «экзотикасы» ерекше назарға ие – бұл адамтамыр (женшень) сығындысы, ұлу сөлінің сүзбесі және басқа да компоненттер.
Сурет: vanedo.by
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina