Бет жууға арналған құралдарды қалай таңдау керек?

Бет жууға арналған құралдарды қалай таңдау керек?

Бет терісін тазалау – күнделікті ұстануды қажет ететін маңызды салттардың бірі. Ең бастысы – бұл процедураға сізге жағатын құралды таңдап алу. Қазіргі таңда бет тазалауға арналған көпіршік, гель, мусс, флюидтердің түр-түрі бар. Дәл сіздің теріңізге қайсы жағатыны жайлы сарапшы маман жауап береді.

Бет терісінің типіне байланысты тазартқыш құрал таңдау

Тазартқыш құралды таңдағанда бет теріңіздің типін ескеру керек. Өйткені құрғақ теріге жарайтын құрал, майлы терігі мүлде пайдасыз болуы мүмкін.

Дүкен сөрелерінде ұсынылған барлық құралдардың әрқайсының өзіндік текстурасы, құрамы мен pH деңгейі (қышқыл-сілтілі орта теңгерімі) бар.

Қалыпты және құрғақ теріге арналған жуыну құралдары

Қалыпты және құрғақ теріге әдетте бейтарап pH-ты, май негізінде жасалған сүтше, көпіршік, мусс немесе флюид ұсынады. Бұл құралдар құрғақ теріге қажет жұмсартатын, ылғалдандыратын, қоректендіретін және тыныштандыратын компоненттерден тұрады. Бұл ши, авокадо, кокос майлары, түймедақ, көктікен, көздәрі сығындылары болуы мүмкін. Нәзік құрылымы мен комоненттер тобы теріні жақсы ылғалдандырады, тыныштандырады, құрғақтық және жарылумен күреседі.

Майлы теріге арналған жуыну құралдары

Майлы теріге жуынуға арналған гель жақсы. Ол төмен қышқылды pH-қа және түрлі қышқылдар мен себореттеуші комоненттерге ие – мысалы лимон, сүт қышқылы, емен қабығы, мырыш тұзы, қайың сығындысы, шай ағашының майы. Олар жақсы ериді және тері бетіндегі себум мен кірді жақсы кетіреді, май бездерінің жұмысын реттейді, бетті тегістеп, қабынуларды кетіреді.

Сонымен қатар бактериялар төмен қышқылды ортада дамымайды, сондықтан терісі майлы жандар жуынуға гель пайдаланса, безеулер мен бөртпелердің пайда болуының алдын алады.

Жас ерекшелігін ескеріп тазарту

Жас ерекшелігіне байланысты шығарылатын құралдар бөлек атап өтуге тұрарлық. Жасы келген тері көбіне құрғақтықтан, жарылудан және жоғары сезімталдықтан зардап шегеді. Мұндай теріге арналған құралдар терінің қажеттіліктерін ескере отырып жасалған. Әдетте бұлар жұмсақ текстуралы флюидтер, мусстар мен көпіршіктер.

Жасы келген терінің мүйізді қабаты қалың болып келетіндіктен, мұндай құралдардың құрамына қышқылдар енуі мүмкін. Олар өлі теріні кетіріп, терінің демалуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар белсенді жас ұлғаюына қарсы ингредиенттерден (мысалы, пептидтер, фитоэстрогендер, жас ұлғаюына қарсы және өсімдік кешендері) тұрады. Олар әжімдерді тегістеп, жаңасының пайда болуының алдын алады, теріні қоректендіреді және ылғалдандырады, жасушаларды бос радикалдардан қорғайды. 

Сурет: www.medisvit.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina