- Негізгі бет
- Сымбат
- Арықтауға кедергі келтіретін...
Арықтауға кедергі келтіретін 11 өнім
Сіз салмақ тастағыңыз келіп, жейтін тағамыңыздың мөлшерін бақылайсыз, бірақ артық сантиметрлер мен килограмдардардың кемитін түрі жоқ. Өйткені мақсатыңызға жетуге мына тізімдегі азық-түліктер кедергі келтіреді:
1. Қант. Арықтағысы келетін адамдар ең алдымен қант қосылған шай және кофеден бас тартуы керек. Сонымен қатар құрамында қанты көп пакеттегі жеміс шырындарды ішуді де азайту қажет.
2. Картоптардың ішінде жасы және қайнатып немесе қақтап пісірілгені ғана ағзаға пайдалы.
3. Ұннан жасалған өнімдер. Жоғары сұрыпты ұннан жасалған нан-тоқаш өнімдері, ақ нан, тоқаш, бәліш, торттарды тұтынбаған жөн.
4. Ақ тегіс күріштің крахмалы көп болады, ал бұл сымбатыңызға оң әсер етпейді. Күріштен толықтай бас тартудың қажеті жоқ, тек аптасына 1-2 порцияға дейін қысқартуға болады. Ақ күріштің орнына қоңыр күрішті тұтынып көріңіз, ода бұл жарманың барлық пайдалы қасиеттері сақталған.
5. Тез дайындалатын ботқалар, мюсли. Тез дайындалатын таңғы ас «бос» көмірсуларға ие. Ол адамға аз уақыт тойып тұрғандай әсер береді.
6. Майлы ет және тауық сорпасында холестерин көп.
7. Майлы ет, шошқа еті, шұжық, сосиска, карбонаттар – бұл өнімдер арықтауға кедергі келтіріп қана қоймай, жалпы ағза денсаулығына зиян. Өнеркәсіптік ет өнімдерін өте сирек және барынша аз мөлшерде тұтынған абзал.
8. Майбалық, ысталған балық, майлы консервілер. Бұл өнімдер маймен аса қанық, сол себепті арықтауды тежейді.
9. Сары май – көп мөлшердегі калориялар мен майлардан тұратын өнім. Алайда, дәрігерлер майдан толық бас тартпауды ұсынады: сары май құрамында А, D, Е, РР дәрумендері, сонымен қатар В тобының дәрумендері, май қышқылдары, көмірсулар, ақуыз, кальций, калий, темір, магний, марганец, мырыш, натрий, фосфор мен цинк бар. Бұл пайдалы заттектерсіз тері, шаш пен тырнақ саулығын қамтамасыз ете алмаймыз. Бастысы – сары майды тұтынуда шамасын білу маңызды. Аптасына 10 грамм май жеткілікті болып саналады.
10. Майонез, оның ішінде «Лайт» белгісі барын да. Оның орнына қолдан майонез жасап жеген дұрыс: пайдасы да мол, тағам да онымен дәмдірек болады.
11. Чипстер, кептірілген нан, тұзды жаңғақ пен кез келген «тез дайындалатын тағам».
Сурет: miaflora.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина
Оқи отырыңыз: