- Негізгі бет
- Сымбат
- Тырнақ бояудың сырлары...
Тырнақ бояудың сырлары
Маникюр бір сәтте келбетіңізді өзгерту әдістерінің бірі. Бұл өнердің де өз сырлары бар екен. Тырнақты төменде көрсетілген сурет пен ңұсқаулар бойынша ретін сақтап боясаңыз, әлбетте маникюріңіз ұзаққа сақталып, сізді қуантады.
1. Тырнаққа бояу дұрыс жатуы үшін оның беті таза, құрғақ болуы керек және лак кетіретін сұйықтықпен сүртілгені дұрыс. Соңғысы тырнақтың бетінде май түйіршіктері қалмас үшін керек.
2. Ең бірінші маникюр негізі деп аталатын түссіз лак жаққан дұрыс. Бұл тырнақтың сарғайып, лактың қабыршақтануына жол бермейді.
3. Тырнақтың төменгі бөлігінің ортасына лактың бір тамшысын тамызыңыз.
4. Лакты тырнақтың шетіне дейін төменге созыңыз.
5. Жаққыштың көмегімен лакты төменнен жоғары қарай бір түзу бойымен жағыңыз.
6. Лакқа батырылған жаққышты тырнақтың ортасынан бір шетіне бағыттап, жоғары қарай бір түзу бойымен бояңыз.
7. Лакты тырнақтың шетіне мейлінше жақындатуға тырысыңыз.
8. 6-шы қадамды басқа жағынан қайталаңыз.
9. Лактың кепкенін күтіп, қажет болса, тағы бір не екі қабат жағыңыз.
10. Үстінен түссіз лакпен боясаңыз, тырнағыңыз жылтырап, бояу ұзаққа сақталады.
Осы жерде тырнақ бояуға құмар арулардың кезігетін бір қиындығы - лак кебуін күту. Кейде бұған уақыт болмай, біршама уақыт істеген маникюр құртылатын жағдайлар болады. Осындайға кезікпес үшін мына кеңестерге жүгініп, тырнақ бояуының кебуін қалай тездетуге болады деген сұраққа жауап алыңыз.
- Қолдарыңызды сермеп, не қол соққандағы қимылдарды істесеңіз болады;
- Шамалы кепкен тырнақты суық суға малыңыз, бұл лактың кебуін тездетеді. Алайда саусақтарыңызды ағып тұрған судың астына емес, суық су құйылған ыдысқа салу керек;
- Бояуды дереу кептіру керек болса, кәдімгі шаш кептіретін феннің көмегіне жүгінсеңіз болады. Бұл жағдай үшін феннің ең суық режимін қолдануыңыз керек, тым ыстық ауа әсерінен лак біркелкі кеппей, түсі өзгеріп, бетінде көпіршіктер пайда болуы мүмкін.
Лакты жаққанда бояу тырнақ бетінен шығып, саусағыңызды былғаса, оны лак кетіретін сұйықтықпен сүрту шарт емес. Бұл жағдайда сұйықтық тырнақтағы лакты да кетіріп тастауы мүмкін. Лак кепкеннен кейін мысалға, ыдыс жусаңыз, теріге жағылған бояу оңайлықпен түседі. Жиналып қалған ыдысты да жуып тастап, маникюріңізді де реттеп аласыз.
Соңғы кеңес: Маникюрді күндіз істеген жөн.
Сурет: womanparadise.ru.
С. А