Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Сұлулық сабағы: макияждағы ең көп таралған 13 қателік

Сұлулық сабағы: макияждағы ең көп таралған 13 қателік

Сұлулық сабағы: макияждағы ең көп таралған 13 қателік

Макияж жасағанда өзіміз мән бермейтін, жиі қайталанатын қателіктерге бой алдырып жатамыз. Және бұлар көбіне жасымызға жас қосып, келбетіміздің көркемдігіне әсер етпейді. Ал макияждың түпкі мақсаты құрту емес, жақсарту еді ғой? Қалай болғанда да макияж – бұл құрал, ал кез келген құралды пайдалана білуіміз керек.

1. Макияжды қабыршақтанған құрғақ теріге жағу

Еш уақытта құрғақ теріге тоналды крем немесе опа жақпаңыз. Ең алдымен мұндай теріні ылғалдандырып алу қажет. Ал қабыршақтануды жиі пилинг жасау арқылы кетіруге болады. Жалпы құрғақ тері әрдайым ылғалдандыруды, күтімді қажет етеді. Крем жағу мен пилинг жасауды әдетке айналдырыңыз.

2. Тоналды кремнің реңкін дұрыс таңдамау

Тоналды құрылғының басты міндеті – бет терісінің реңін тегістеу мен пигменттену немесе қызару сынды кемшіліктерді жасыру. Егер тоналды құрылғының реңкі дұрыс таңдалмаған болса, макияж сәтсіз болады. Тым қошқыл реңк маска киіп жүргендей, жасанды келбет әсерін береді, ал тым ақшыл реңк барлық әжім мен кедір-бұдырлықты айқындап тұрады.

Жарасатын реңкті таңдаудың ең жақсы амалы – ең аз дегенде үш түрлі реңкті иекке (қолға емес) жағып көру және тері реңкімен мінсіз үйлескенін алу. Тоналды құрылғыны арнайы спонжбен тым баттастырмай жағыңыз. Сонымен қатар жаз бен қыс мезгілдеріне әртүрлі тоналды құрылғыларды пайдаланыңыз.

3. Дұрыс емес реңк немесе тым көп консилер

Консилер теріден ашығырақ, тіпті ағырақ болу керек деген пікір бар. Бірақ бұл дұрыс емес. Консилер таңдағанда оның міндетін естен шығармаңыз. Егер терінің ұсақ кемшіліктерін консилермен жасырмақ болсаңыз, онда тоналды крем сияқты тері реңкімен бірдейін таңдаңыз. Егер сіз консилер де, тоналды крем де қолдансаңыз, онда консилер тері реңкінен сәл ғана қошқылдау болуы керек. Ақшыл немесе тым ақшыл консилер жасырып қана қоймай, көзді томпайтып жібереді.

4. Макияжды жумай ұйықтау

Түннің бір уағы болса да, қатты шаршап тұрсаңыз да макияжды арнайы кетіру құралымен немесе сумен жуып кетіріңіз. Бітелген тері тесіктері безеулердің пайда болуын, ал үгітілген косметика көзге түсіп, жұқпа тудыруы мүмкін. Өзіңізді күтуге тым құрығанда екі минутыңызды ерінбей арнаңыз.

5. Опаны баттастырып жағу

Жалпы опа макияжды бекітуге, беттің майлы жылтырағын жасыруға арналған. Опаны комплектісінде бірге жүретін спонжбен жақпаған жөн: ол тез арада өніммен тығыздалып, бетке тегіс жағылмайды. Опа жағу үшін қарапайым ірі шашақ жаққышты пайдаланыңыз. Ал күні бойы макияжды түзеп отыру үшін спонжды опаға батырып алыңыз, артығын алып тастау үшін оны сілкіңіз де, бүкіл бетке емес, жылтырап тұрған аймаққа – әдетте бұл маңдай, мұрын, иек пен жақтың ортаңғы аймағына жағыңыз. Көздің астына опа жақпауға тырысыңыз.

6. Қас

Қасты түзету мен оның пішіні – әрдайым ауысып отыратын тенденция. Бүгінде қастың қалыңдығы мен пішіні қандай болуы керектігі жайлы заң жоқ, бірақ оның күтімді болуы міндетті. Алайда, тым жіңішке қастар адамды есейтіп, бет әлпетін жалпақ етіп көрсетеді.

Әр қызға табиғат берген пішін жарасады. Тек артық қылшықтарды жұлып, қасқа арналған щетка-тарақпен тарап отырса болғаны. Немесе косметологтың көмегімен бір рет қасыңызға әдемі форма беріп, кейін сол пішіннен ауытқымай, күтіп жүрсеңіз жеткілікті.

7. Кесектелген тушь немесе «өрмекшінің аяқтары»

Тушь көзіңізді айқындауға, кірпіктерге көлем, ұзындық пен түс беруге арналған. Бірақ тушь кеуіп, кірпікке қалың жағылатын кездері болады. Сонымен қатар бірнеше қайтара бояу да кірпіктердің жабысып, өрмекшінің аяқтары сияқты әсер беруі мүмкін. Сондықтан кірпіктерді арнайы тарақпен тарап, тушьты қабаттастырмай жағыңыз.

8. Көз бояулары

Көз бояуларына байланысты ең өрескел қателік – көк реңкті пайдалану. Бұл түске келгенде өте абай болу қажет. Подиумдағы сәнбикелерді санамағанда бұл реңк көбіне қой көзді немесе көк көзді қыздарға жарасады. Егер көк түсті бояу пайдаланғыңыз келсе, онда көк сүрмені жазда жақсаңыз болады.

Қабақты бірнеше бояумен бояу да үлкен қателік. Бір ретте үш реңктен артық бояуды пайдаланбаңыз.

9. Астыңғы қабақты қара сүрмемен бояу

Астыңғы қабаққа қара сүрме жағу – сізді есейтіп қана қоймай, көзіңізді кішірейтіп көрсетеді. Астыңғы қабаққа қарындаш жақсаңыз, онда әңгіме басқа, оның өзінде оны жаққышпен қарайтып жіберген жөн. Жалпы сүрменің өміршеңдігі ұзаққа созылмайды, астыңғы қабақтағы бояу тез ағып, жағылып кетеді. Сол себепті астыңғы қабаққа қошқыл қоңыр көз бояуын пайдалансаңыз болады. Бұл сонымен қатар көзіңізді үлкейтіп көрсетеді.

Астыңғы кірпіктерді қара тушьпен баттастырып бояу да қателік саналады. Жаққышты кірпіктерге сәл тигізу арқылы ғана бояуға тырысыңыз немесе қоңыр тушь пайдаланыңыз.

10. Тым көп еңлік

Әдетте еңлікті екі беттің алмасына жағады, бірақ дұрыс таңдалмаған түс немесе тым көп жағып қою барлық макияжды құртып жібере алады.

Егер еңлік тым көп жағылып кетсе жағыңызға ұнтақталған опа жағып жіберіңіз, әйтпесе бұл аймақтағы макияжды қайта қалпына келтіру қажет болады.

Ең дұрысы ақшыл алқызыл немесе шабдалы реңкті еңлікті астыдан үстіге қарай абайлап жағу.

11. Жайылып кеткен немесе тым қошқыл ерін сұлбасы

Далабыңыздың түсі ерінге арналған қарындаш түсімен мінсіз үйлесетініне көз жеткізіңіз. Көбіне екеуі бір түсте болғаны дұрыс. Ерінге арналған лайнер – еріннің сұлбасын айқындап, далаптың өміршеңдігін арттырады. Далап реңкінен қарындаштың түсі қошқылдау болып кетсе бейне көркемділігін жояды.

12. Аса көп макияж

Өзіңізге нақты бір образ таңдағанда, есіңізді болсын – не көздерді, не ерінді айқындау керек.

Егер түтін түстес жарқын макияж жасағыңыз келсе немесе кірпіктеріңізді жасанды ұзартып, ашық көз бояуларын пайдалансаңыз, еріндеріңізге демалыс беріп, оны бейтарап далаппен бояңыз. Осылайша басты назар көздеріңізде болады.

Егер ерніңізді қызыл немесе жылтыр далаппен боямақ болсаңыз, онда көзіңізді барынша қарапайым бояуға тырысыңыз.

Жарқын және салмақты кешкі макияжды жұмысқа, не кездесуге пайдалануға болмайтынын естен шығармаңыз.

13. Бұдан өзге...

Әрдайым шаш, қол, мойын мен кеуде терісінің жағдайын бақылауда ұстаңыз. Оларды да ылғалдандыруды ұмытпаңыз.

Ұйқыңыз қанық болсын, косметикалық салондарға жиі барып, массаж жасатып, бет терісін жаңартатын косметикалық процедуралар жасатып тұрыңыз.

Сурет: ru.wikihow.com, beautyholic.ru, www.charla.ru, shkolazhizni.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

18230 5
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 15 сәуір 2014, 19:00
Пікірлер
+0
16 сәуір 2014, 09:40

көп қателікті жасайды екенмін) соған қарағанда боянбаған дұрыс ау))) чистка жасатқым келіп жүр, осы туралы материал жазасыздар ма, пайдасы, зияны, күтімі сияқты) күтемін

+0
16 сәуір 2014, 11:25

Тым көп жағудың өзі қателік, жасанды боп көрініп тұрады

+0
16 сәуір 2014, 11:52

Өрмекшінің аяқтары секілді болып тұратын кірпіктерді мүлдем ұнатпаймын... Сүрменің білінбей тұрғаны жақсы ғой

+0
16 сәуір 2014, 12:19

тоналка, консилер, опаны бірден қолдану, астыңғы кірпіктерге тушь жағу, еңлікті (эфирге шығу қажет болмаса) пайдалану үлкейтіп, тіпті қартайтып көрсетеді. жиын-тойларға барғанда қызудың әсерінен бет өздігімен-ақ аздап қызарады, сонысымен әдемі көрінеді.

+0
16 сәуір 2014, 15:07

Өрмекшінің аяқтары, Вахахааа :cry:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...