Ән кез келген сапарды ажарлайды. Бірақ кейде әнді жалғыз тыңдау адамды жалықтырып, мұңды қылады. Неге басқалармен сүйікті әніңмен бөліспеске?
2. Велосипедшілерге арналған қауіпсіздік сөмкесі
Кешкісін велосипед айдау - қауіпті іс. Бірақ SEIL Bag сөмкесімен екі дөңгелекті көлік иелері өздерін сенімді ұстай алады: жарықдиодтарының көмегімен ақылды зат артта келе жатқандарға сигнал береді (бұрылу, "ТОҚТА" белгісі және т.б.). Бастысы, сөмкеге сеніп, қырағылықтан айырылып қалмаған жөн.
3. Бөрене сөмкесі
Барлық жерде өзіңізбен бірге бөрене тасып немесе бағалы заттарыңызды ескі ағаш қуысында сақтайсыз ба? Сөзсіз жоқ. Ал танымал дизайнер Paul Frank мұны өте қызық деп санайды және соған орай кішкене бөренеге ұқсайтын сөмкені ұсынды. Сонымен қатар, жинақта балта тәрізді әмиян бар.
4. Самокат-сөмке
Тұжырымдамалық Smart Bag сөмкесі оқушының ауыр кітаптарын мектепке жеткізізуге көмектесіп қана қоймай, өзінің шаршамай жетуіне мүмкіндік береді. Себебі, мектеп құрал-жабдықтарына арналған қалыпты қалталардан бөлек, Smart Bag самокат та бола алады. Осындай балалық шақ жайлы сіз армандап па едіңіз?
5. Көзі, ерні және тағы басқа дене мүшелері бар сөмке
Испан дизайнерлері бір емес, бірден бірнеше өмірлік қажетті мүшелерді иеленуді ұсынады.
Сонымен қатар мынадай сөмке түрлерімен таныс болыңыздар:
6. Бесік арба-сөмке
7. Қолшатыр-сөмке
8. Өрмекші адам сөмкесі
9. Шаруа сөмкесі
10. Қайық-сөмке Backpack Inflatable Pontoon Boat
Бір қарағаннан Backpack Inflatable Pontoon Boat ішінде не бар екенін айту қиын. Себебі бұл қайық та сөмке де.
Сурет: avivas.ru, bugaga.ru, pikabu.ru, novate.ru