Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Адамды бағалау үшін 7 секунд жеткілікті

Адамды бағалау үшін 7 секунд жеткілікті

Адамды бағалау үшін 7 секунд жеткілікті

"Жүз жерден ақылды болып, әдебиеттің немесе өзге де саланың қыр-сырын меңгерген мықты маман болсақ та, жұрт бірінші кезекте сыртқы келбетімізге қарап баға береді. Мүмкін бұл 3 пен 7 секундтың арасында жүзеге асатын шығар. Алайда міндетті түрде осылай болады". Шанель ханымның осы сөздерімен келісесіз бе?

Әрбір әйел атаулысы өзіне барынша лайық образ таңдауы тиіс. «Киіміңе қарап қарсы алып, ақылыңа қарап шығарып салады» деп бекер айтпаса керек. Ал 7 секунд ішінде ақылымызды көрсете алмаймыз, сондықтан сыртқы келбетімізді ретке келтіргеніміз жөн. Киімге сәйкес адамның жүрісі, мінез болмысы өзгереді.

Байқасаңыздар үнемі шалбар киіп жүретін қыздар мен белдемше киетін қыздардың жүру мәнерлері әртүрлі. Мұнымен қатар өкшенің биік болуының да маңызы бар. Қыз баласы өкшелі аяқ киім киген кезде бойын тік ұстап жүруге тырысады. Осы секілді киімді сымбатыңызға үйлестіріп киюдің өзі өнер.

Шанель бірде: «Көйлек киген әйелге қараңыздаршы. Әйел жоқ болса, көйлек те болмайды», - деген екен. Расымен де киімнің жарасуы адамның талғамымен байланысты.

Сіз өзіңізді қалай бағалайсыз? Сұлусыз ба әлде ұсқынсызсыз ба? Келбетіңіз ұнамаса, көздің жауын алатын гауһар тастардың өзі арнайы өңдеуден өтетінін еске алыңыз. Ал сіздің жарқылыңыз киім болуы тиіс. Сымбатыңыздағы кемшіліктеріңізді жасырмай, керісінше киімнің көмегімен оларды артықшылығыңызға айналдырып көріңіз.

«Мен үшін әдепсіздік – ой мен адам тәнінің тым ашық көрінуі».

Джорджи Армани

Сұлу киімге деген құштарлық әйел затына тән. Оны ер адамдар түсіне бермейді. Ал өзіңізді жақсы көріп немесе күтіне білмесеңіз сіз ешкімге де керек емессіз. Мүмкін өміріңізді жаман күндер болып жатқан шығар. Әдетте үй шаруасымен айналысып, баламен отыратын әйелдердің өзіне қарауға уақыты болмайды.

Осы секілді кедергілермен қатар өзімізді дұрыс бағаламауымыз тағы бар. Айнаға қарап тұрып «Шашымның түсі онша емес», «Аяқтарым қисық», «Мұрным үлкен» сынды кемсітулерді 10 рет айтсаңыз, ол санаңызға сіңіп, тұрақтап қалады. Бұдан өзге теледидардағы бағдарламаларды көріп мінсіздікке ұмтыламын деп денсаулығыңызға кедергі келтіруіңіз мүмкін. Анорексия, анемия сынды ауруларға тап боласыз.

Сондықтан да өзіңізге шынайы баға беріңіз. Кемшіліктеріңіз бен артықшылықтарыңызды дұрыс қабылдаңыз. Сымбатыңызға лайық стиль қалыптастырып, тұлға болуға ұмтылыңыз.  

Сонымен адам жайында ой қалыптастыру үшін алғашқы 7 секундтың жеткілікті екенін түсініңіз. Аузыңызды ашып үлгермесеңіз де, үстіңіздегі киімдер сіз үшін сөйлейді.

Ал сіз ше? Адамдарды қалай бағалайсыз?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: вк желісінен

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 17 наурыз 2014, 17:22
Пікірлер
+0
17 наурыз 2014, 19:33

Иә, адамдарды киіміне, жүрісіне қарап тануға болады ;) :) :o

+0
18 наурыз 2014, 00:19

Жүрісіне, сыртқы бейнесіне қарап таңдамаймын, мен үшін тек сөйлескеннен кейін ғана

+0
31 наурыз 2014, 17:04

Абай атам айтпақшы екі кеменің басын бірге ұстау керек яғни қарапайым алайда тартымды киініп ақыл мен мінездіде ұмытпаған жөн Сәлем бізге қосыл http://vk.com/bay_qazaq жазыл, арманға жеткізер жолды бірге іздейік

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.