Сұлулық құпиялары жайлы 10 қызықты дерек

Сұлулық құпиялары жайлы 10 қызықты дерек

Бүгінде сөмкемізден еңлік, далап, тушь, көз бояуларының түр-түрін табуға болады. Қазіргі мінсіз күйіне дейін бояулар түрлі тәжірибеден өтіп, әртүрлі мақсаттарда пайдаланылған.

10-орын: Қазіргі қолданыстағы ерін далабы пайда болғанша қыздар кошениль қолданған – бұл ұнтақталған қоңыздан алынатын паста, және алғашқы далапты да осыдан жасаған.

9-орын: Қытай, Вьетнам және Жапон сәнқойлары ХХ ғасырдың ортасына дейін тістерін қара түске бояп келген. Тұрмысқа шыққан әйел күйеуіне деген берілгендігін білдіру үшін күнделікті тістеріне шөптердің тұнбасы, темір ерітінідісі мен сірке суынан жасалған бояуды жағып отырған.

8-орын: Көз бояуы алғашында сақтандыру шаралары үшін пайдаланылған: ежелгі мысырлықтар оларды конъюнктивиттен қорғану үшін және соның салдарынан болатын — трахоманың алдын алу үшін қолданған.

7-орын: Қатаң мұсылмандық ережелерді сақтанатын елдерде әйел адамдарға бояну құралдарының ішінде тек сүрмені пайдалану рұқсат етілген.

6-орын: Орта Азияда кеңсірікте жалғасқан қалың қас әдемілік нышаны ретінде қабылданған. Сондықтан бала кезінен қыздарға қасбояу (усьма) шырынынан жасалған бояумен қастарын бояп, екі қасты ирек сызықпен байланыстырған. Қасбояу шаштың өсуіне ықпал ететіндіктен, біраз уақыттан кейін бояған жерлерге қылшықтар шыға бастаған.

5-орын: Ежелгі Мысырда қыздар бастарына бір тілім май тағып жүрген. Ыстық күнде май еріп, шаш жылтырай бастаған. Ал кейін тіпті тақыр бас қыздар сәнде болған.

4-орын: Викингтер шаш сәндеу үшін ашыған май пайдаланған. Жалпы викингтер кір-қожалақ, жалбыр шашты болмаған. Викинг-ерлер жарқын киімдерді жақсы көрген, қымбат әшекейлер мен әдемі аң терісін таққан.

3-орын: XVIII ғасырда сәнді еуропалық қыздар қастарын алып тастап, оның орнына тышқан терісінен жасанды қас жабыстыратын болған.

2-орын: І Елизавета ханшайым бетіндегі шешек ауруының белгілерін жасыру үшін бетіне қорғасынды ақ сыр жаққан, ал қартаю белгілерін жасыру үшін матаның қиындысымен жауып жүрген.

1-орын: Қытайлық жігіттер сырт келбетіне көп мән беретін болған. Олар жасанды мұрт сызып қойған немесе жабыстырып алатын болған. Маңдайлары кең көріну үшін шаштарын қырып отырған. Оған қоса көптеген қытай жауынгерлері айбарлы көріну үшін қастарын тушьпен бояп, қорқынышты пішін берген. 

Сурет: bellamar.livejournal.com, depotte.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina