Шашқа зиян әдеттер

Шашқа зиян әдеттер

Қайта-қайта шашыңды уқалап, кейде тіпті шаштың ұшын ауызға салып алатын да әдетің бар ма? Оған тағы фенмен кептіру, ыстық үтікпен түзету сияқты мәселелерді де қос. Мұның бәрі шаштың құрылымына әсер етпей қоймас.

№1-мәселе. Қолыңмен шашыңды ұстай беру, не шашыңның ұшын саусағыңа орай беру әдеті.

Бұл біріншіден, шаштың тез майлануына әкеп соғады. Шашты күнде жуудан шаршаған жоқсың ба? Ал екіншіден, шаш ұштарының әлсізденіп, тез түсуіне әкеледі.

Бұл әдеттен арылу үшін қолың босай қалған кезде, қолға ала қоятын жұмсақ доп не пластилин сатып ал. Қолың сәл босап, шашыңа қарай бара жатқанда, сол жұмсақ затты умаждағаның дұрыс. Және осындай әдеттердің артында көбіне эмоционалды толғаныс тұрады. Ойды тазартып, өзіңді жеңіл сезіну үшін спортпен шұғылдан, йогаға бар, тағы сол сияқты сүйікті ісіңмен айналыс. Жүйкең тыныш жүрсін.

№2-мәселе. Шашыңды күнде фенмен кептіресің, шашқа арналған үтікпен түзетесің.


Ыстық температура шаш құрылымына әсер ететіндіктен, шаштың түбі құрғап, беріктілігі мен икемділігінен айрылады. Уақыт өте келе, шаш құрғап, көп түсетін болады.

Барынша шашыңды табиғи жолмен кептіруге тырыс. Болмай жатса, жоғары температурадан қорғап, ылғалды сақтайтын термоспрей, мусс, көбіктерді қолданғаның жөн.

№3-мәселе. Шашыңды жоғарыдан төменге қарай бір ғана қимылмен тарайсың.

Егер шашыңды түбінен ұшына дейін тез-тез, шатасқан шаштармен қоса жұлып, тарап шығу сен үшін қалыпты болса, бұл дұрыс емес. Мұндай кезде, жаңадан өсіп келе жатқан шаштарыңды да түсіресің. Ал мұндай жолмен ешқашан шашың қалыңдамайды.

Шашыңды абайлап тарауды үйрену керек. Қолдарыңмен ұстап, бөлшектеп, түбірінен ұшына қарай асықпай тараған жөн. Шаш таралған уақытта зақымданбауы тиіс. Және де тарақ таңдағанда да талғампаздық таныт.

№4-мәселе. Дымқыл шашпен далаға шығып кетесің.


Фен сынып қалып, далаға дымқыл шашпен шығып кете беру әдетке айналды ма? Температураның күрт төмендеуі сезімтал әрі нәзік шаш құрамына әсер етеді. Ал бұл өз кезегінде шаштың түсуіне әкеп соғады. Сонымен қатар, бас терісі табиғи жолмен кеппесе, ағзаның суықтанып қалу қаупі бар.

Шашты әрдайым бөлме температурасында кептір. Және ешқашан су шашпен ұйықтауға жатпа. Егер шашыңды таңертең жуамын десең, ертерек тұр, боянып болғанша, шашың орамалға байланып тұрсын, бұл кезде біраз кеуіп қалады.

№5-мәселе. Шашыңды орамалмен уқалап кептіресің.

Шашты кептіру үшін орамалмен қатты уқалау шашқа өте зиян. Біріншіден, шашты уқалаған сайын ол шатасып, ұйысып қалады. Оны тарқату үшін де біраз қиналу керек. Егер шаштаразға барып, байқасаң, шаштараз шашыңды массаж жасағандай уқалап, жуады да орамалға орап, суын сіңіріп, кептіреді. Осы әрекетті өзің де қайталап, шашты солай кептіргенің жөн. Не болмаса, су шашты орамалға орап, тюрбан етіп байлап қой да, 5 минуттай ұста. Одан кейін алып, ақырын тарақпен тара.

Шаш төңірегінде тағы да оқимын десең:

 

Суреттер: pretty-womens.ru, happy-giraffe.ru, marafet.net

A. Mustafina