Аяқ пішініне байланысты туфли таңдау

Аяқ пішініне байланысты туфли таңдау

Тамаша таңдалған туфли аяғыңыздың пішінін әсемдеп қана қоймай, мүсініңіздің кемшіліктерін жасырады. Өкшелі туфли барлығына жарасады. Бірақ барлығы аяқ киім өкшесінің формасына байланысты. Аяғыңыздың пішініне қарай өкше таңдауды үйреніңіз. Биік өкшелі туфлидің сізге жарасатын, не жараспайтыны оның өкшесіне және сіздің аяғыңыздың пішініне тікелей байланысты.

Орташа жіңішке аяқ жіңішке аласа өкшелі туфлилерде әдемі көрінеді. Егер біз өкшелі туфли таңдасаңыз, аяқтарыңыз жіп сияқты болып қалады.

Толық аяққа жалпақ ірі өкшелі туфлилер жарасады. Сонымен қатар туфлидің жалпақ бауы, үсті жабық болса, тіптен жақсы. Толық аяқ біз өкшелі аяқ киімдерді және де жіңішке бауы, белдігі бар туфлилерді жақсы көрмейді. Мұндай декор мен өкше сырт көзге аяқты одан әрі толық әрі діңгектей етіп көрсетеді.

Егер аяғыңыз жұмыр, қысқа болса, аласа өкшелі аяқ киімдерден бас тартқаныңыз жөн. Сізге биік біз өкшелі туфлилер немесе биік өкшелі танкеткалар таңдаған жөн.

Табан аймағындағы түрлі баулар мен ойықтар аяғыңызды біраз ұзын әрі жіңішкерек етеді, сондықтан сирағы қысқа және табаны жалпақ қыздарға дәл келеді.

Аяғыңыз тым жіңішке ме? Бойлай қиығы бар жабық аяқ киімдер мен ойықтары бар туфлилер сізге арналған!

Сурет: lady.obozrevatel.com, beauty.ua

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina