Опа шашылып қалса...

Опа шашылып қалса...

Опа (пудра) шашылып қалса, оны тастай салуға асықпаңыз. Опаны жинап, бастапқы қалпына келтіруге болады екен. Ол үшін сізге:

  • 70% этил спирті
  • ас қабығы (пищевая пленка)
  • дәрі тамызғыш
  • қалақша (лопатка)
  • жайпақ қылқалам керек.

 

Іске кірісейік!

  1. Шашылып қалған опаны жинап, қорабына салыңыз. 
  2. Қорапты ас қабығымен орап, қылқаламның ұшымен опаны ұсақтаймыз.
  3. Ас қабығын алып тастап, опаға бірнеше тамшы спирт тамызамыз.
  4. Опа толық кеуіп, қалпына түсу үшін 12 сағат қозғамай қоямыз.

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: woman.ru

Р. Роза