Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Жапон диетасы

Жапон диетасы

Жапон диетасы

Жапондықтар салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтанатындары белгілі. Олардың жергілікті климаты, ауа-райы мен дәстүрлі тағамдары денсаулыққа жағады. Сол себепті жапон тағамдарының негізіндегі диета өте пайдалы болады.

14 күнге жалғасатын бұл диета салмағыңызды шамаға келтіріп, әсерді ұзаққа сақтай алады екен. Жапон диетасы зат алмасуды реттеуге бағытталған, сол себепті оның нәтижесінде ағзаның асқорыту жүйесі дұрыс, жаңа жүйеге үйренеді.

Жапон диетасы тыйым салатын тағамдар бойынша өте қатал саналады. Ол бойынша мына тағамдарды тіпті аз мөлшерде қабылдауға болмайды:

  1. Тұз. Себебі тұз ағзада судың тұрып қалуының бірден-бір себепшісі.
  2. Қант. Себебі ондағы қарапайым көмірсулар тез арада артық салмаққа айналады.
  3. Ішімдік. Себебі ол зат алмасуды баяулатып, адам ағзасынан улы заттардың шығуына тосқауыл болады.
  4. Бидай наны. Себебі нан, әсіресе бидай ұнынан пісірілген түрі, артық салмаққа әкеледі.

Жапон диетасы бойынша мынандай тағамдарды жеген дұрыс:

Жапон диетасы көкөністер мен жемістерге, ірімшік пен балыққа, етке негізделген. Бұл диета бойынша жемістер арасында тек тым тәтті банан, інжір, жүзімді жеуге болмайды. Ет пен балықты өсімдік майларына қуыруға рұқсат. Ал астың біртүрлігінен шаршамау үшін, өсімдік майларының түрлерін алмастыруға болады.

Жапон диетасы танымал жапондық диетолог мамандармен ойлап табылған. Диетаға жапон дәстүрлі тағамдары да, сонымен қатар дәстүрлі дастарханға мүлдем сай емес тағам түрлері де кіреді. Мысалға, жапон диетасы бойынша кофені көп ішуге болады, бірақ ол Жапониядағы ең танымал сусындардың қатарына кірмейді. Сондай-ақ диета шарттарында тұз тұрмақ, тамаққа еш дәмдеуіштерді де қосуға болмайды. Ал бұл жапон дәстүрлі дастарханы үшін жат.

Жапон диетасы бойынша таңғы асқа тек қара кофе стақанын ішу керек. Арасында жасыл немесе шөп шайын, жеміс жеуге рұқсат. Алайда кофе – жапон диетасының негізі. Диетологтар айтуынша, табиғи, жоғары сапалы кофенің құрамындағы антиоксиданттар денсаулыққа пайдалы.

Түскі асқа жапон диетасы сізге балық не етті көкөністермен жеуге кеңес береді. Салат жасауға не көкөністеді етпен бірге бұқтыруға болады. Оған қоса жапон диетасы түскі тағамның шамасына шек қоймайды. 

Кешкі ас жапон диетасы бойынша рационның ең маңызды бөлігі. Піскен жұмыртқа, айран, ірімшік, жемістің кез келген түрін таңдасаңыз болады. Қаласаңыз, тіпті кешкі аста балық не ет, тауық жесеңіз болады. Әрине кешкі астың үлесі әлдеқайда аз болғаны жөн.

14 күнде осындай бір қарағанда дәстүрлі емес, ерекше диетаның арқасында 7-8 кг-нан арылуға болады екен. Осы себепті дәрігер мамандар бұл диетаны жылына екі реттен жиі ұстануға болмайды деседі. Дәрігерлер жапон диетасын зат алмасуды ретке келтіріп, нәтижені ұзақ уақытқа сақтай алатын бірден-бір диета деп сипаттайды.

Әрине диетадан кейін де салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтану керек.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: vk.com

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 26 қаңтар 2014, 10:45
Пікірлер
+0
26 қаңтар 2014, 21:56

Тексеріп көретін екен :)

+0
28 қаңтар 2014, 01:36

менін ойымдағы диетағой мынау :D

+0
28 қаңтар 2014, 18:29

Артық салмақтан арылғысы келетіндерге жақсы ұсыныс!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.