Ерінге арналған бальзам қандай болуы керек?

Ерінге арналған бальзам қандай болуы керек?

Қыс басталған бойда ерінге арналған қарапайым, күнделікті қолданатын бальзам не гигиеналық далапты қысқы түріне алмастыру керек. Суық жел, аяз, ылғал еріннің жағдайын мүлдем құртады. Жарылған, қанаған ерін сіз үшін әлі де мәселе болса, нағыз қысқы ерін бальзамы қандай болу керектігі жайында кеңестермен таныс болыңыз.

Ерінге арналған қысқы бальзам табиғи балауыз негізінде жасалғаны дұрыс. Ол еріннің нәзік терісінде гидролипидті балансты сақтап, жұмсартып, тегіс қылады. Сондай-ақ еріннің құрғақ әрі жұқа терісін уақытында қоректендіріп, ылғалдандырып тұру үшін бальзам құрамына өсімдік майларын қосады. Бальзамдарда жиі жағдайда жожоба, карите, ши, манго, авакадо, какао, шай ағашы, бадам, кокос, кастор майлары қолданады.

Ерінге арналған бальзамның құрамында сонымен қатар, дәрумендер болуы шарт. Олар терінің қорғаныс қабатын берік қылу үшін өте қажет. Әсіресе қыста суық пен желдің әсерінен ерініміз қосымша көмекте қажетсінеді. Бальзамда А, Е, В, F дәрумендері болғаны дұрыс. Дәл осы топ дәрумендер ерінге қажет күтім беріп, жарылуын тез емдейді.

Косметикалық бальзамдарда оған қоса түрлі өсімдіктердің экстрактары кездеседі. Мұндай құрамдас бөлік жарықшалардың пайда болуын алдын алып, ісіну мен терінің қозуына жол бермейді. Көп жағдайда қысқы гигиеналық далаптарда өзінің емдік қасиеттерімен белгілі алоэ, түймедағы, жалбыз, қырмызы (календула) өсімдіктерінің экстарктары қолданады.

Сіз қандай бальзам қолданасыз?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: ladytech.ru

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Балалардың еркелігі мен қыңырлығы. i-balaqai жобасында Елена Бурьевая
Балалардың еркелігі мен қыңырлығы. i-balaqai жобасында Елена Бурьевая
UFC 251. Жалғас Жұмағұлов жеңіске жете алмады
UFC 251. Жалғас Жұмағұлов жеңіске жете алмады
5G жайлы 5 миф
5G жайлы 5 миф
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Бауырдың қабынуы
Бауырдың қабынуы
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ