Әшекейді бет пішініне байланысты таңдау

Әшекейді бет пішініне байланысты таңдау

Бижутерия мен әшекей сататын дүкендерге келіп, сырға таңдай алмай қиналатын қыздар көп. Кейбір кезде ұнаған әшекейді аларын алып, үйге келген соң жараспайтынын біліп жатамыз. Сол себепті бет пішініңізге қарай, өзіңізге жарасатын сырғаны қателіксіз таңдауды үйреніңіз.

1) Егер басыңыздың пішіні домалақ болса ірі сақиналардан, сонымен қатар жұлдызша, ромб, қар ұшқыны және т.б. түрдегі әшекейлерден бас тартыңыз – бұлар бет пішініңізді одан сайын жалпақ етіп көрсетеді. Төртбұрышты сырғалар немесе ұзын салпыншақтар бұл мәселені шешіп және бетіңізді сырт көзге сопақ етеді.

2) Егер бетіңіздің пішіні төртбұрышты болса, онда бірінші кезекте, төртбұрыш формалы әшекейлер тақпаған жөн. Сізге бет пішініңізді «ұзартып және тегістеу» қажет, ал бұған домалақ, сопақ, үшбұрыш және «тамшы» типтегі және салпыншақ сырғалар көмектеседі. Егер сырғаның ұзындығына қарағанда ені қысқа болса, ойланбай алыңыз.

3) Егер бетіңіз жалпақ, жақ сүйектеріңіз шығыңқы болса, онда жіңішке және ұзын жіп-сырғаларды таңдағаныңыз жөн.

4) Бет пішінінің созыңқы немесе жіңішкелігін домалақ және ірі, көлемді сырғалар жасыра алады. Олар сырт көзге бейнеңізге «салмақтылық» беріп, бет пешініңізді жалпағырақ етеді. Сонымен бірге ешбір жағдайда ұзын салпыншақ сырғаларды тақпаңыз.

5) Бәрінен бұрын басы сопақ пішінді арулардың жолы болды. Мұндай қыздарға сырғаның барлық түрі жарасады.

Сурет: season.kz

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina