Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Қыстағы тері күтімі

Қыстағы тері күтімі

Қыстағы тері күтімі

Қазірде еліміздің барлық аймағына аяз түсіп, суық жел үріп, күннің көзі көрінбей, температура тұрақты болмай, ауа райы нашар болып тұрған жайы бар. Дәл осы кезде біздің теріміз кеуіп, қабыршақтанып, қызарып, жарылады, сезімтал келіп, суыққа төзе алмайды. Теріңізге салғырт қарамай, оған осы кезеңде ерекше күтім көрсеткен дұрыс.

Желдің әсері

Ең майлы деген бет терісінің өзі суық желдің әсерінен құрғап, қабыршақтанып, тіпті кейде жарылып кетеді. Бұндай қиындықты әр қыс сайын ерніңізден де байқайтын боларсыз. Табиғатынан құрғақ болып табылатын көз маңындағы тері де қыста одан бетер құрғап тұрады.

Өзіңізге өте майлы, арнайы көз маңындағы теріге арналған крем алып қойыңыз. Тіпті оны жылдың басқа кезеңінде қолданбасаңыз да, қыста бұл сіздің ережеңіз болсын. Ерінге қоректендіргіш бальзам, ал бет терісіне құрғақ теріге арналған крем алыңыз (теріңіз майлы болса да). Қыста ылғалдандырғыш маскалар мен сарсулар қолдануды әдетке айналдырыңыз. Осылайша қыста бет терісінің тартылып тұрған сезімінен арылып, уақыт өте пайда болатын әжімдерден сақтанасыз.

Қолдың құрғауы

Аязда май безі жұмысының белсенділігі кемиді, демек теріні қорғайтын майлар азырақ өндіріледі. Ал қол терісіндегі май бездері аз келеді, демек жел мен суықтың әсерінен қол терісі мүлдем құрғап, бүрісіп кете алмақ. Бұндай көрініс әр қызға таныс болар, қол қызарып, кеуіп, тырнақ та қатпарлана бастайды.

Бұл мәселені шешетін бір оңай дауа бар. Күнделікті қолыңызға майлы крем жағып жүріңіз. Үйден шыққанға дейін, ұйықтар алдында, қол жуып болған кезде күніне бірнеше мәрте жаға беріңіз. Осыны әдетке айналдырсаңыз, қол құрғау мәселесін ұмытатын боласыз.

Қыста теріңіздің жағдайын құртып алмау үшін, оған артығырақ көңіл бөліп, күтім жасауға ерінбейік.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет:mykpopboyfriend.tumblr.com 

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 20 желтоқсан 2013, 19:09

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.