Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Дұрыс боянудың ережелері

Дұрыс боянудың ережелері

Дұрыс боянудың ережелері

Сұлу аруларымыз макияж дегенді жақсы көреді емес пе? Бәріміз де көзіміз болмаса да ерінімізді, ерініміз болмаса да бетімізді түртіп, бояп жүреміз. Ал дұрыс бояну реті туралы білесіздер ме? Егер де осы ретті сақтап боянсаңыз, макияжыңыз табиғи болып көрініп, көркіңізге көрік қосылып, қырмызыдай құлпыратыныңыз сөзсіз...

1. Бет терісін тазалап жуыңыз. Тоникпен бетіңізді тазалап бір сүртіңіз. Бетке ылғалдандырғыш крем жағып, бірнеше минут кремнің сіңуіне беріңіз.

2. Бетіңізде қызыл не сары дақтар болса, арнайы корректорды пайдаланып, бетіңіздің түсін біркелкі қылыңыз. 

3. Спонж не жаққыштың көмегімен макияждың негізі -  реңк беруші кремді жағыңыз. 

4. Көзіңіздің астында күңгірт дақтар болса, консилер жағып түзеңіз.

5. Келесі кезек бетке арналған опада болмақ. Оны да жаққыш не спонж көмегімен жағыңыз. 

6. Көз қабағына арналған бояуды жағыңыз, қасқа жақын болған сайын, бояу ақшылдау болу керектігін ұмытпаңыз.

7. Көзге арналған қарындаш не сүрме көмегімен көз үстінен сызыңыз. Егер сүрмеңіз тым сұйық болып, жағылып кетсе, оның кепкенін күтіп, сосын барып қана түзеңіз.

8. Ендігі кезек кірпікке арналған тушьқа келді. Екі қабат жағылған тушь табиғи, сондай-ақ көзіңізді қаралатып, ашып тұрады.

9.  Ерінге арналған қарындаш көмегімен ерініңіздің шекарасын сызып өтіңіз.

10. Ерінге далап не шипамай жағыңыз. Арнайы жаққышты қолдансаңыз, тіпті жақсы.

Сурет: vkontakte.ru

16681 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 13 сәуір 2012, 14:26
Пікірлер
+0
13 сәуір 2012, 17:17

керемет ;)

+0
13 сәуір 2012, 17:35

Мына косметика тым көп қой :? , мен бұлардың ішінен тек тушь, сүрме, сосын тоник, ылғалданушы және тазартушы крем пайдаланам :)

+0
13 сәуір 2012, 17:51

Жақсы кеңестер екенн ) Мен тушсыз өмір сүре алмаймын :D

+0
13 сәуір 2012, 18:07

менде :lol:

+0
13 сәуір 2012, 18:01

осыған уақыт болса ғой)

+0
14 сәуір 2012, 23:54

мынаны жазған адамға рахмет))) бізде қыздар бетіне бояуды жараспаса да, жарасса да баттастырып жағып аладығой. Адам қараса жиіркеніп, өзінің түрі әдемі шығар деген ойға қап кетесің :roll:

+0
14 сәуір 2012, 23:57

бояуды негізі адамның көркін сәл анық қылу үшін жақса тамаша ғой. Мысалы аздап ерін далабы, аздап жұқа етіп қабаққа арналған тень, аздап кірпікті әдемі етіп көрсетер тушь болса болғаны))) қалғаны керек емес!!!

+0
15 сәуір 2012, 00:21

Біліп жүрген артық болмас. Өз басым мүлде боянбаймын. Тек жарылып кетпес үшін крем жағамын аздап. Кейін 40-тан асқанда көрерміз.

+0
15 сәуір 2012, 02:40

менде мүлдем боянбаймын! боянбай-ақ адамнын табиғи сұлулығына еш нарсе жетпейді ғой!

+0
15 сәуір 2012, 17:31

боянуга уакытым жок. куннен коргайтын кремим болса болды ;)

+0
20 сәуір 2012, 09:50

кыздар аз да болса бояну керек. табиги келбет арине жаксы бирак териси тегис жане тап таза кыздар оте аз. сондыктан хотя бы тональная основа и карандаш колдану керек. :) онда турган ештеме жок. зато ухоженная болып журесин.

+0
20 сәуір 2012, 09:52

жане де боянуга уакытым жок деген адамдарды тусинбеймин. танертен сораптап шай ишип отырганша немесе сагат тогызга дейин жатканша жарт сагат келбетине конил болу керек, как-никак айел адамы болган сон, еркек емеспиз гой чуть симпотичнее обезьяны деп журе беретин :evil: задумайтесь, кыздар...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев