Шашқа арналған бальзам мен кондиционердің айырмашылығы бар ма?

Шашқа арналған бальзам мен кондиционердің айырмашылығы бар ма?

Көбіміз шаш күтіміне арналған бальзам мен кондиционерді әсері бірдей құралдар деп санаймыз. Алайда олардың құрамы, қолдану ерекшеліктері, текстурасы және шашқа беретін күтімінің әсері түрлі болады. Шашқа арналған бальзам мен кондиционердің айырмашылықтарын біліп жүрейік.

Шашқа арналған бальзам не кондиционер шаш күтіміндегі сусабынға қосымша құрал екендігін білесіз. Қазіргі құбыр суының жағдайы, экология шашты құрғақ, сынғыш, әлсіз қылады, сол себепті осындай қосымша күтім құралдарын қолдануға тура келеді. Бальзам не кондиционер өз кезегінде шашты әжептеуір жұмсартып, жылтыр береді, ылғал сақтауға көмектесіп, нәтижесінде шашымыз күтілген көрінеді. Осы орайда бальзам мен кондиционердің келесідей айырмашылықтары бар екен.

Шашқа арналған кондиционер шаш қабыршақтарын бітеп, шашты қорғаныс қабатымен орайды. Мұндай күтім шашты жиі фенмен кептіретін, плойкамен бұйралайтын аруларға өте қажет. Кондиционер құрамына силикондар кіреді. Мұндай элементтер шашқа, әсіресе оның зақымданған жерлеріне бірден әсер етеді. Ол шашты тегістеп, нәтижесінде шашыңыз жылтырай түседі. Кондиционер шашы құрғақ, боялған қыздарға жағады.

Ал шашқа арналған бальзамның басты мақсаты шашты жуып, кептіргеннен кейін оның таралуын жеңілдету. Бальзам шашты жұмсартады, тегіс қылады, оны қолданғаннан кейін шашыңыз оңайлықпен таралып, дұрыс жатады, еш жері түрпиіп қалмайды. Шашыңызға көлем бергіңіз келсе, дәл осы бальзамды қолданғаныңыз жөн. Жалпы шашқа арналған бальзам шашы тез майланып кететін қыздарға жақсы жағады. Бұл құрал шашты ауырлатпайды.

Шашыңызға кондиционер не бальзам таңдасаңыз да, ол шаш түріне, сусабыныңызға сай болғанын қадағалаңыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: you-volosy.ru

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Бокстан Қазақстан чемпионаты Шымкентте өтеді
Бокстан Қазақстан чемпионаты Шымкентте өтеді
Команың қандай түрлері бар?
Команың қандай түрлері бар?
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында қайда хабарласуға болады?
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында қайда хабарласуға болады?
Эверест биіктігін кім және қалай өлшейді?
Эверест биіктігін кім және қалай өлшейді?
I-BALAQAI: Көру қабілетін ұзақ уақытқа қалай сақтауға болады?
I-BALAQAI: Көру қабілетін ұзақ уақытқа қалай сақтауға болады?
Ұшақта Wi-Fi қалай жұмыс істейді?
Ұшақта Wi-Fi қалай жұмыс істейді?